лар сулы салқындатумен жүргізіледі. Алайда, майлы салқындатуды қолдану орамның кернеуін 110 кВ-қа дейін арттыруға мүмкіндік бе- реді (майдың электр төзімділігі суға қарағанда жоғары) және сон- да генератор желіге аралық транформациясыз қосылуына болады. Салқындатқыш сұйықтық тікбұрышты қиылысқан қуысты мыстан жасалған өткізгіштер бойынша айналады.
160 до 800 МВ.А қуатты турбогенераторларда статор орамасын
сумен салқындату ротор орамасын тікелей салқындату және белсен- ді болатты сутекпен салқындатуды үйлестіре отырып қолданылады. Статор орамасын сумен салқындату қуаты тік гидрогенераторларда да қолданылады; мұндай генераторлардың роторы мен белсенді бо- латында әуе салқындатқышы бар. Капсулалы гидрогенераторларда статор мен ротор орамасына сулы салқындату қолданылады.
Алдында айтылған салқындату жүйелерінің барлығында салқын- датушы зат сұйық гелий болып саналатын перспективті жүйе ерек- шеленеді. Криогенді генераторлар, немесе криогенераторлар деп аталатын сұйық гелиі бар генераторларды енгізу жаңа энергетика- ның туылуы болып саналады. Негізінде, сұйық температура кезінде генератор орамасы өткізгіштігі артады. Бұл генератордың қуатын 2 есеге көтеруге септігін тигізеді. Пайдалы әрекет коэффициенті өседі, ал өндірілетін электр энергиясының құны төмендейді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Электр энергиясын неліктен тікелей айнымалы ток энергиясы түрінде өндіреді?
Синхронды генератордағы статор мен ротордың қызметтері қандай?
Үшфазалы синхронды генератордың жұмыс істеу қағидасын түсіндіріңіз. Генератор полюстерінің саны өндірілетін кернеу жиілігі мен ротордың айналым жиілігімен қалай байланысты?
Синхронды генератор түрлерінің жіктелуін келтіріңіз. Генера- тор констукциясы генератор үшін қозғалтқыш болып саналатын турбина ерекшеліктерімен қалай байланысқан?
Синхронды генератордың нәтижелі магнитті ағыны неге тәуел- ді? Синхронды генератор зәкірінің реакциясы тұрақты ток ге- нераторының зәкір реакциясымен салыстырғандағы ерекшелік- тері қандай?
Бойлық және көлденең зәкір реакциясы дегеніміз не? Зәкір ре- акциясына тиесілі айқын полюсті және айқын емес полюсті ге- нераторлар қасиеттерінің айырмашылығы неде?