Лобзин с. А. Электр машиналар



бет245/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

288


LG орамасы бойынша қоздыру тогы өтеді (сызбанұсқада тиристор- лармен басқару тізбегі көрсетілмеген). Мұнда тиристорлардың үдет- кіш тобы іс жүзінде жабық.
Қоздыру үдеткішінің режимінде көмекші генератордың толық кернеуінен қуат алатын VS2 тобының тиристорлары толық ашыла- ды және үдету тогын береді. Мұнда тиристорлардың қолданыстағы тобы үдеткіш топтың ең жоғары кернеуімен жабылады.
GE көмекші генераторы өздігінен қоздыру генераторы болып та- былады. LGE қоздыру орамасы осы генератордың статор орамасы- ның бөлігінен ТЕ төмендеткіш трансформаторы және VS3 тиристор- лы тобы арқылы қуат алады.
Щеткасыз қоздыру жүйесі. 3 кА аса қоздыру токтарында қоз- дыру генераторының айналмалы генераторына түсетін щеткалар мен сақиналар арасында сырғыма байланыстар сенімсіз болады. Бұл кемшілік щеткасыз қоздыруды қолдану арқылы жүзеге асыры- лады. Қоздыру орамасын негізгі генератормен қуат беретін көмек- ші синхронды генераторда айнымалы ток (зәкірлі орам) орамасы статорда емес, роторда орналасқан. Көмекші генератор негізгімен бір тіректе орналасқан. Көмекші генератордың зәкірлі ротор айна- лымынан жартылай өткізгішті түзеткіш арқылы қоздыру орамасы болып табылатын негізгі генератордың орамасына келіп түседі. Түзеткіш генераторлар роторларымен айналады, сондықтан да бұл тізбектің сырғыма байланыстары болмайды. Көмекші генератор- дың қоздыру тогы қосалқы қоздырғыштан статорда орналасқан қоздыру орамасына келіп түседі. Негізгі генератордың қоздыру то- гын реттеу көмекші генератордың қоздыру тогын өзгерту арқылы жүргізіледі.
Жартылай өткізгішті өздігінен қоздыру жүйесі (11.17 - сурет). Қоздыру жүйелерінің сенімділігі аз, себебі олардың жұмысы желі режиміне тәуелді. Өздігінен қоздыру қалдық магнитті ағын есебінен жүзеге асырылады (тұрақты токтың өздігінен қоздыру генераторы
2.4 бөлімінде сипатталған). Синхронды генератордың жартылай өт- кізгіштікті жүйесінде басқарылмайтын шұралар (диодтар) VD ток көзін ТА ток трансформатрларынан алады, олардың қайталама тогы G синхронды генератор тогына генератор шығымында пропорцио- нал (тиристорлармен басқару АРВ автоматты қоздыру реттегішімен жүзеге асырылады). Осылай, қоздыру орамасы бойынша жүретін токқа генератордың тогы да, кернеуі де әсер етеді.
VD диодты тобы генераторды қоздыруды жүктеме жұмысы кезін-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет