нераторының ЭҚК күшіне қарсы фазалық болады. Қорытқы ΔЕ ЭҚК фаза бойынша осы ЭҚК-дан 90°-қа артта қалатын, бірақ генератор кернеуінен 90°-қа озып түсетін зәкір тогын тудырады. Генератордың белсенді қуаты қайта қоздыру жағдайындағыдай нөлге тең болады.
Iрозыңқы тогы генератор зәкірінің бойлық магниттелген реакция- сына негізделеді (11.3-бөлімді қараңыз). Желінің кернеуіне қатысты алғанда бұл ток қалған генераторлар үшін закірдің магнитсізденген
реакциясын тудыра отырып артта қалатын болып табылады.
Егер қоздыру тогын өзгертіп, бұл ретте желімен қатар жұмысқа қосылған генератордың зәкір тогын өлшейтін болса, пішіні жағынан солай аталатын генератордыңU-тәріздісипаттамасыналуға бола-
ды— тәуелділігі I(Iв). Нөлге тең белсенді қуат кезінде, U- тәрізді си- паттаманың қоздыру тогында нүктесі бар, өйткені қалыпты Iв.нормдеп аталатын біршама қоздыру тогы кезінде зәкір тогы нөлге тең (бос
жүріс режимі). Қоздыру тогын арттыру және кеміту кезінде зәкірдің тогы таза реактивті бола отырып арта түседі. Бұл ретте белсенді қуат нөлге тең болады (12.3-суреттегі төменгі қисық).
Тұрақты айналдыру иінкүші және нөлдік емес белсенді қуаткезінде қоздыру тогын өзгерту. Бастапқы қозғалтқыштың айнал- дыру иінкүшін арттырайық. Зәкірдің тогы неғұрлым аз мәнге иеболатындай етіп қоздыру тогын реттейік. Бұл режимде генератор желіге таза белсенді қуат береді; генератор зәкірінің тогы фаза бой- ынша оның шықпаларындағы кернеуге сәйкес болады. 12.2-суретте г мұндай режимге белгіленімдерінде сызықшалар болмайтын век- торларды қамтитын векторлық диаграмма сәйкес келеді (12.2, а-су- ретімен салыстыру керек).
Енді, айналдыру иінкүшін өзгертпей қоздыру тогын арттырайық (қайта қозудыру жағдайы). Бұл ретте зәкірдің тогы артады (12.2, гсуретіндегі I'векторы), бірақ I'pреактивті құрамдас бөлік есебінен