30
арқылы тұйықталатын токтар машинаның магниттік жүйенің асим- метриясын төмендетуге тырысатын орамада магниттік ағынды қа- лыптастырады. Теңгермелік жалғаулардың максималды саны Zк/ p болады, яғни бір жұп полюстер санына келетін коллекторлық тілім- шелердің санына тең болады. Теңестірушілердің максималды саны тек қуатты машиналарда қолданылады; басқа жағдайларда әрбір нақты ойыққа бір немесе екі теңгермелік жалғаулар қолданылады.
Күрделі орамаларда, магниттік жүйенің асимметриясын теңестіруге арналған бірінші түрдегі теңгермелік жалғаулардан басқа, екінші түрдегі теңгермелік жалғаулар қолданылады, бұл қа- жеттілік щетка мен жеке коллектор тілімшелер арасындағы өтпелі кедергілердің теңсіздігінен туындайды.
Күрделі ораманың бөлігіне қосылатын қарапайым орамалар, бір-біріне щеткалар арқылы параллельді қосылады. Айтылған өт- пелі кедергілердің теңсіздігінен қарапайым орамалар арасындағы ток жүктемесі бір қалыпты емес таратылады, бұл іргелес коллек- тор тілімшелер арасында кернеуді бір қалыпты емес таратады және щеткалардың ұшқындауын тудырады. Екінші түрдегі теңгермелік жалғаулар, күрделі ораманы құраушы қарапайым орамалар ара- сында токты таратудың теңдігін қамтамасыз етеді. Осы қосылулар бір - бірімен әртүрлі қарапайым орамаларға қатысты және теория жағынан бірдей потенциалы бар нүктелерді қосады.
1.5.
|
ТОЛҚЫНДЫ ОРАМАЛАР ЖӘНЕ АРАЛАС ТҮРДЕГІ ОРАМА
|
Қарапайым толқынды орама. Қарапайым толқынды (жүйелі) орамада, бастауы бір аттас полюстермен бірінен кейін бірі бастала- тын бөліктер жүйелі түрде қосылады (1.10-сурет). Орама аралығы теңдеулерге байланысты:
у = y1 + y2; yк = у
(Ілмекті орама үшін (1.10) теңдеулермен салыстырыңыз).
(1.12)
Қарапайым ілмекті орамада әр бөліктің басы мен соңы іргелес коллекторлық тілімшелермен қосылады, қарапайым толқынды ора- мада әр бөліктің бастапқы және соңғы коллекторлық тілімшесі ара- сында қашықтық болады. Қарапайым ілмекті ораманың әр бөліктің басы мен соңы іргелес коллекторлық тілімшелерге қосылған кезде, қарапайым толқынды орамада бастапқы және соңғы коллекторлық тілімшелердің әр бөлігінде қашықтық болады,
Достарыңызбен бөлісу: |