Күрделітолқындыорама. Зәкірдің күрделі толқынды орама- сы бір коллекторға қосылған қарапайым m толқынды орамалардан тұрады. Зәкірдің жалғыз айналымы, бастапқымен іргелес тұрған коллектор тілімшелерінде емес, бастапқыдан ук = mқашықтықта
орналасқан тілімшеде аяқталады. Күрделі толқынды орамасы си-
яқты, осындай орамада, щетканың ені m коллекторлы бөліктерден кем болмайды және қарапайым орамалардың параллель қосылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан күрделі толқынды ораманың парал- лель тармақтарының саны 2а = 2 м құрайды, осындай орама парал- лельді тармақтар санын көбейту үшін қолданылады, өйткені қара- пайым орамамен салыстырғанда, орама сымның қимасын ұлғайтпай зәкірдің үлкен ток ағымын қамтамасыз етеді.
Күрделі толқынды орамаларда, сондай-ақ күрделі ілмекті ора- маларда екіншітүрдегітеңгермелікжалғауларқолданылады және олардың қажеттілігі күрделі ілмекті орамалар себебімен ескерілген. Ораматүрінтаңдау. Ораманың түрін таңдау (ілмекті немесе толқынды, күрделі немесе қарапайым) негізінен зәкірдің номиналды ток және машина қысқыштарының номиналды кернеу мәндерімен анықталады. Қызметіне қарай тұрақты ток машинасы бірдей қуатта зәкірдің тұрақты ток мәнімен, төмен кернеумен сипатталады, немесе
керісінше.
Тұрақты ток машинаның номиналды кернеу мәні келесі дәреже- лерге бөлінеді:
төмен кернеу машиналары (24 Uномдейін номиналмен);
төмен кернеу (60...80 Uномарасындағы номиналмен);
33
қалыпты кернеу (110...220 Uномарасындағы номиналмен);
жоғары кернеу (440...600 Uномарасындағы номиналмен);
ең жоғары кернеу (750 Uном- нан жоғары).
Зәкірдің номиналды тогы машинаның номиналды қуаты бойын-
ша анықталады. Тұрақты ток машиналарының номиналды қуаттары- ның келесі жуықталған жіктелуі қабылданды: кіші қуат - 50 кВт дей- ін; орташа - 50-ден 500 кВт-қа дейін; жоғарғы - 500 кВт-тан астам.
Кернеудің жоғары мәндерінде, толқынды (жүйелі) орама қолда- нылады, оның электр қоздырушы күші белсенді ЭҚК жақтарының көп санынан тұрады; жоғары ток мәндерінде - ілмекті (параллель- ді), параллель тармақтарының токтар сомалары зәкір тогын береді. Егер, қарапайым ілмекті немесе қарапайым толқынды орама қажет- ті қуатты алуды қанағаттандырмаса, онда күрделі ілмекті, күрделі толқынды ораманы немесе аралас түрдегі ораманы пайдаланады, оның ерекшеліктерін төменде талқылаймыз.