Лобзин с. А. Электр машиналар



бет254/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

299


сайтын контурды айналу кезінде орын алады (генераторды желімен қатар жұмысқа қосудың екінші жағдайына берілген түсіндірмені қараңыз, 12.1-бөлім). Мұндай жағдайда векторлық диаграммада Uc және Uг векторлары модуль бойынша бірдей және бағыты бойынша қарама-қарсы болып бейнеленеді.
Бастапқы қозғалтқыштың айналдыру иінкүшін өзгерту. Егер генератордың желісіне қосылған роторды айналдыратын бастапқы қозғалтқыштың қуатын арттыратын болса, М1 айналдыру иінкүші туындайды. Осы иінкүштің әсерінен генератордың роторы Ωc син- хронды жиілікпен айналатын желінің магнитті өрісіне қатысты біршама жылдамдық алады. Бұл ретте роторға әсер ететін М теже- гіш электрмагнитті иінкүш пайда болады. Тежегіш иінкүштің пай- да болу себебі орамасынан қоздыру тогы өтетін ротор мен желінің жалпы кернеуі әрекет ететін статор электр магниттер болып табы- латындығынан-ақ анық. Бір магнитті екінші магниттен алшақтатын сыртқы күшке магниттер арасындағы тартылыс күші қарсы тұрады.
М тежегіш иінкүші М1 айналдыру иінкүшіне тең келген кезде ро- тор кеңістікте бос жүріс режимінде болған қалыпқа қатысты алғанда


12.2.-сурет. Желімен параллель жұмыс істейтін генератордың век- торлық диаграммалары:


а — бастапқы қозғалтқыштың айналдыру иінкүші артқан кезде; б — гене-
ратор қоздырылған және нөлдік белсенді қуат кезінде; в — генератор жете қоздырылмаған және нөлдік белсенді қуат кезінде; г —генератор әртүрлі қоздырылған және нөлдік емес белсенді қуат кезінде

300


біршама θ (эл. град.) бұрышқа ығысады және одан әрі Ωc синхронды жиілікпен айналуды жалғастырады. Осылайша, егер бос жүріс кезін- де Е0 генераторының ЭҚК векторы мәні мен бағыты бойынша Uг ге- нераторының шықпаларындағы кернеудің векторына сәйкес келетін болса, айналдыру сәтін арттырған кезде Е0 векторы ротормен бірге Uг векторына қатысты алғанда ротордың айналу бағытына қарай θ бұрышқа бұрылады, бұл 12.2, а суретінде көрсетілген (Uг векторы өз мәні мен бағытын өзгерте алмайды, өйткені ол қуатты желі керне- уінің векторымен тығыз байланыста).
Бос жүріс кезінде қаралып отырған генератор зәкірінің тогы нөлге тең болды, өйткені осы генератормен және желімен туындаған кон- турда қорытқы ЭҚК нөлге тең болды: Uc + Е0 = 0. Енді, генератордың ЭҚК векторы өз бағытын желі кернеуінің векторына қатысты алған- да өзгерткен жағдайда, зәкір орамасында I тогын тудыратын ΔЕ = Uc
+ Е0 нөлдік емес қорытқы ЭҚК пайда болады. Қуатты желі қаралып отырғандықтан, қатар қосылған генераторлардың жалпы кедергісін елемеуге болады және сонда қаралып отырған генератор зәкірінің тогы негізінде оның хс синхронды индуктивті кедергісіне байланы- сты болады (қаралып отырған генератор зәкірінің орамасының бел- сенді кедергісін де елемейміз). Сонымен,

ΔЕ = Uc
+ Е0
= –jIхс.
(12.1)

Полюсі анық емес генератордың векторлық диаграммасы (11.12-суретті қараңыз) жазылған теңдеуді түсіндіреді. 11.12-суретке
сәйкес Uг = Е0 jIхс және осы диаграммадағы U векторының генера- тор кернеуінің векторын көрсететіндігін ескере отырып: U = Uг. 12.2, а суретінде көрсетілген желі кернеуінің векторы оған қарама-қарсы:
Uс = –Uг, сонда: –Uс = Е0 jIхс, осыдан теңдеу шығады (12.1).
(12.1) теңдеуіне сәйкес I зәкірі тогының векторы векторлық ди-
аграммада (12.2, а суретін қараңыз) ΔЕ векторына (және jIхс векто- рына) қатысты алғанда 90° артта қалу жағына бұрылып салынған. Екінші жағынан, I тогы фаза бойынша Uг генераторының кернеуінен φ бұрышына басып түседі. Генератор желіге Р2 = тUгIсоsφ белсен- ді қуатын береді; бастапқы қозғалтқыш тежегіш иінкүшті еңсеру- ге жұмсайтын механикалық энергия электр энергиясына ауысады (1.1 бөлімінде берілген (1.3) және (1.4) теңдіктері арасындағы пай- ымдаулармен салыстырыңыз). Бастапқы қозғалтқыштың айналдыру иінкүші неғұрлым көп болған сайын генератор желіге соғұрлым көп қуат береді.
Алайда айналдыру иінкүші генератор синхронизмнен шығып қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет