ды. Басқа сөзбен айтқанда, синхронды қозғалтқышты асинхронды әдіспен іске қосқанда асинхронды тәсілмен жұмыс істейді (9.1. б). Ротордың айналу жиілігі синхрондық жиілік деңгейіне жеткенде қоздыру орамасы тұрақты ток көзіне қосылады да, ротор синхрон- ды түрде айналады, яғни, оның айналу жиілігі статордың магниттік өрісінің жиілігіне тең келеді.
Айқын полюсті машиналардың синхронды болуына оған тән ре- активтік Мриінкүш әсер етеді (12.3.б). Айқын полюсті машиналар бос жүріс режимде немесе шағын жүктеме кезде қоздыру орамасын
тұрақты ток көзіне қоспай-ақ тепе-теңдікті сақтайды.
Қуаты 50 кВт-қа дейінгі синхронды қозғалтқышты асинхрондық түрде іске қосуды, бастапқы орама болмаған жағдайда ротордың қалың бөлігі мен қоздыру орамасындағы индукциялық ток арқылы жүзеге асыруға болады, бұл жағдайда өзіндік тұйықталу деңгейі Rпболады.
Қуаты 2 000 кВт-дан астам қозғалтқыштардың роторлары ротор- дың екі жағы жез сақиналармен біріктірілген тұтас (дестеленген) полюстік ұштықтары бар көлемді ротордан жасалады. Полюсті ұштықтардағы индукциялық ток қозғалтқышты жедел іске қосуға жететін асинхрондық иінкүш тудырады. Бұндай қуатты қозғал- тқышқа қарапайым ораманы (өзекше, бүйірлі сақина) пайдаланғанда орама қатты қызып кетеді де, оның механикалық төзімділігі төмен- дейді (дәнекердің, өзекшенің бұзылуы).
Асинхронды іске қосуда синхронды қозғалтқыштың қоздыру орамасы ток көзінен ажыратылуы тиіс. Бірақ оны ашық күйінде қалдыруға болмайды, оның бойында орамаға сыймайтын ЭҚК бо- луы мүмкін, ол оқшаулауға бөгет болады. Қоздыру орамасын қатты орап тастауға да болмайды, себебі орама қызып кетуі мүмкін және біросьті қосылуға әкеліп соқтырады. Бұл дегеніңіз қозғалтқышты қосқан кезде ротордың айналым жиілігі синхронды айналымның жартысындай ғана болып, синхронизмге (тепе-теңдікке) енбеуі мүм- кін. Осы жағдайды болдырмау мақсатымен, іске қосар сәтте қоздыру
орамасы Rп= 7…12 Лв қоздыру орамасының қарсылығы Rвболуы тиіс.
Е с к е р т у. Бір жақты қосу кезінде ротор симметриялықболмаған жағдайда электромагнит айналып тұрған сәтте ай- налу жылдамдығының жиілігі синхронды жиіліктің ортасына келгенде жиілік төмендеуі мүмкін. Бұндай жағдайлар қысқа тұйықталған қоздыру орамасы болған кезде кездеседі. Бұл