Лобзин с. А. Электр машиналар
электр машиналары (1)
Қосарлы қуат беру машина деп аталатын асинхрондалған син- хронды машинаның конструкциясы фазалық роторлы асинхронды машинаға ұқсас келеді (9.1-бөлімін қараңыз). Оның статоры мен роторына, әдетте, бөлек қуат беретін үш фазалы орама орналасты- рылады. Статордың орамасы кернеу жиілігі f1 желіден қуат алады, ал ротордың орамасына f2,жиіліктегі кернеу тартылады, ең азы f дең- гейінде болады. Бұл үшін басқарылатын тиристорлық жиілік түр- лендіргіш (ЖТ) қолданылады (14.1-сурет). Басқару жүйесі ЖТ-дан шығатын тұстағы кернеудің жиілігі мен амплитудасын реттейді. Сондықтан жұмыс режимі синхронды болмайды. Асинхрондалған машиналар генераторлық режиммен қатар, қозғалтқыштық режимде де пайдаланылады. Асинхрондалған машина қозғалтқыштық режимде жұмыс істе- генде, ротор тогының жиілігі асинхронды қозғалтқыш үшін жа- зылып қойылған f2= sf1(9.7) өрнегімен белгіленген статор тогының жиілігімен байланысты болады. Статордың магнитті өрісінің айна- лу жиілігі n1 мен ротордың айналу жиілігінің n айырмашылығының салыстырмалы шамасын s сырғу өрнегі көрсетеді. Сонымен қатар, статор тогы мен ротор тогының салыстырмалы шамасы s n1 n , өрнегіне негізделеді (9.2). n1 14.1.-сурет. Асинхрондалған син- хронды машинаның іске қосылу сұлбасы. жүктеу/скачать 8,41 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |