Лобзин с. А. Электр машиналар



бет276/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   283

323


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ





      1. Үш фазалы синхронды қозғалтқыштың жұмыс қағидасы неге негізделген? Айналу жиілігі неге байланысты?

      2. Синхронды қозғалтқыш қарапайым желіге қосылғанда неліктен айналмайды? Синхронды қозғалтқышты іске қосудың қандай тәсілдерін білесіз?

      3. Синхронды қозғалтқыштың жұмыс сипатының түрлерін сипат- таңыз, түсіндіріңіз.

      4. Синхронды қозғалтқыштың U-тәрізді сипаттамалары нені біл- діреді? Оның синхронды генератордың U-тәрізді сипаттама- сынан айырмашылығы неде? Қандай жағдайда қозғалтқыш зәкірінің тогы желінің кернеуіне қарағанда озыңқы және қандай жағдайда артта қалған болып есептеледі?

      5. Синхронды компенсатор не үшін пайдаланылады? Синхронды қозғалтқыш пен синхронды компенсатордың жұмыс режимінің айырмашылығы мен конструктивтік айырмашылығы неде?

      6. Реактивті синхронды қозғалтқыштың конструктивтік ерекшелі- гі неде? Оның жұмыс қағидасы неге негізделген?

14-ТАрАу


АЙНЫМАЛЫ ТОК МАШИНАЛАРЫНЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІ



14.1.

АСИНХРОНДАЛҒАН СИНХРОНДЫ МАШИНА

Қосарлы қуат беру машина деп аталатын асинхрондалған син- хронды машинаның конструкциясы фазалық роторлы асинхронды машинаға ұқсас келеді (9.1-бөлімін қараңыз). Оның статоры мен роторына, әдетте, бөлек қуат беретін үш фазалы орама орналасты- рылады.
Статордың орамасы кернеу жиілігі f1 желіден қуат алады, ал ротордың орамасына f2,жиіліктегі кернеу тартылады, ең азы f дең- гейінде болады. Бұл үшін басқарылатын тиристорлық жиілік түр- лендіргіш (ЖТ) қолданылады (14.1-сурет). Басқару жүйесі ЖТ-дан шығатын тұстағы кернеудің жиілігі мен амплитудасын реттейді. Сондықтан жұмыс режимі синхронды болмайды. Асинхрондалған машиналар генераторлық режиммен қатар, қозғалтқыштық режимде де пайдаланылады.
Асинхрондалған машина қозғалтқыштық режимде жұмыс істе- генде, ротор тогының жиілігі асинхронды қозғалтқыш үшін жа- зылып қойылған f2= sf1(9.7) өрнегімен белгіленген статор тогының жиілігімен байланысты болады. Статордың магнитті өрісінің айна- лу жиілігі n1 мен ротордың айналу жиілігінің n айырмашылығының салыстырмалы шамасын s сырғу өрнегі көрсетеді. Сонымен қатар,
статор тогы мен ротор тогының салыстырмалы шамасы s n1 n ,
өрнегіне негізделеді (9.2). n1



14.1.-сурет. Асинхрондалған син- хронды машинаның іске қосылу сұлбасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет