«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет18/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Сергіту сәті:
ІҮ.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Графикалық жұмыс. «Нүкте», «сәуле», «бұрыш», «кесінді» түсініктерімен жұмыс.
2-тапсырма. Графикалық жұмыс. Сәуле мен кесіндіні, сәуле мен бұрышты, кесінді мен бұрышты бір-бірінен ажырату іскерлігін дамыту.
Орман кезіп тынбай,
Аңдығаны тышқан.
Күн көзінен тығылып,
Түнде ғана ұшқан. (жапалақ)
Жапалаққа фигураны үлгі бойынша қоршап шығу.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.
11сабақ.
Тақырыбы: Бір. Көп. 1 саны мен цифры. Жол. Баған.
Мақсаты: жиынтықтан жекеленген заттарды бөліп алу іскерлігін дамыту;
Көрнекіліктер: доп, көз байлайтын орамал, санақ таяқшалар.
І.ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында бұрын меңгерген санау дағдыларын тексеру;

  • Біз «Бөлмеде не бар?» деп аталатын бойжазу өткіземіз.

Тәрбиеші сұрақ қойып, допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады. Сұрақтарды кезектестіріп береді, осымен қатар балалардың жауаптарының қайталанбауын бақылайды.

  • Біздің бөлмемізде не туралы «ол біреу» дер айтуға болады?

  • Біздің бөлмемізде не туралы « ол көп» деп айтуға болады?

Бойжазудан кейін тәрбиеші сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Көрнекі суреттер мен ойын жағдайларының мысалында балалар «Неше» (Қанша?)
деген сұрақта қоюды үйренеді. Өз жауаптарында балалар «біреу» және «көп» деген сөздерді қолданады. Тәрбиеші тақтаға 1саны бар карточка іледі; 1 санының қалай шығатының түсіндіреді;
«Бізге сандар не үшін керек? Біз сандарды қайда кездестіреміз?» деген тақырыпты талдау өткізу.
2-шә ойын. «Бір және көп»
Мақсаты: «бір» және «көп» ұғымдары туралы түсініктер қалыптастыру.
Балалар тақтаға шығып, тәрбиешінің айнала қоршап тұрады. Тәрбиешінің іс-әрекетін (мысалы: алақан соғу) айтады., сосын «бір» және «көп» деген сөздерді кезекпен айтады. (мысалы: бір, көп,көп, көп, бір, т.с.с) Қателескен балалар ойыннан шығып, орындарына барып отырады. Тәрбиеші одан соң басқа әрекеті атайды. (қол көтеру), сөйтіп ойын жалғасады.
3-ші ойын: «Сұрақ ойлап тап»
Мақсаты: «Неше? (Қанша) сұарғын қоя білу іскерлігін қалыптастыру; заттарды түрлі белгілері бойынша салыстыра іскерлігін дамыту; «кесте», «жол», «баған» түсініктерінмен танысу. Топпен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Топтар бойынша жұмыс істеу. Әрбір топтың фигуралары бар кесте(төменде) үлестіреді. Топтардың міндеті – неше, қанша, деген сөзбен барынша көп сұрақ ойлап табу, ал жауабы бір немесе көп болуы керек. Мыс: үшбұрыш нешеу? Ақ түсті фигуралар нешеу?






























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет