«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен


І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық



бет22/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында бұрын меңгерген салыстыру дағдыларын тексеру.
-Біз «Қайсысынікі үлкен?» деп аталатын әзіл –қалжын бойжазу өткіземіз.
Сұраққа жауап беру
-Қайсысының жапырақтары үлкен: Гүлдің бе әлде ағаштың ба?
-Қайсысының қанаттары үлкен : көбелектің бе әлде ұшақпа? т.с.с.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балалар көрнекілікті пайдаланбастан 4тің көлемінде салыстыруды үйренеді. Одан әрі балалардың төртбұрыш және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіту мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Балалар әуелә шаршы мен тікбұрыш,оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарап шығады.
Мұғалім сосын басқа да төртбұрыштармен таныстырады. Балалар төртбұрыш- бұл төрт бұрышы және төрт қабырғасы бар фигура, ал оның шаршы немесе тікбұрыш болуы шарт емес екендігін анықтайды. Балалар төртбұрыштарды түсіне, өлшеміне қарап ажыратуды, қағаз бетінде қарапайм құрылыстар құрылыстар жасауды және санақ таяқшаларының фигуралар жасауды үйренеді. Балалардың жалпы дамуы үшін Неліктен терезелер (есіктер) төртбұрышты? Ал оларды үшбұрышты етіп жасаса, не болар еді? Деген тақырыпта пікірталас өткізуге болады. мұнан әрі мұғалім балаларды текше түсінігімен таныстырады, шаршы мен текшеге салыстырмалы талдау жасауды, олардың ұқсастықтары мен айырмақшалықтарын анықтауды ұсынады.
Материалды бекіту үшін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.


1-ойын.Кім тезірек айтады?
Мақсаты: 4-тің көлемінде есептік санауды дамыту жиынтықтарды салыстыру іскерлігін дамыту.
Мұғалім сұрақтар қойып, мөлшері әртүрлі заттар салынған суреттердікөрсетеді Қайсысы аз жаңғақтар ма әлде бүршіктер ме? Т.с.с. Бірінші болып қол көтерген бала жауап береді. Әрбір дұрыс жауап үшін мұғалім фишка береді. Кім көп фишка жинаса, сол жеңеді.


2-ойын. Қисық айналар патшалығы.
Мақсаты: шаршы туралы түсініктердің негізінде төртбұрыш түсінігімен тәжірибелік танысу.
Мұғалім Қисық Айналар Патшалығына қашып кеткен Шаршы туралы ертегі оқиғасын айтып береді ...Шаршы қисық айнаға жүгіріп барып, оған қараған кезде ол жақтан аздап шаршыға ұксас фигуралар атып шығады... . Сосын мұғалім әртүрлі төртбұрыштар салынған карточкаларды көрсетіп,оларды шаршымен салыстыруды ұсынады, мұнан кейін сурет салатын қағазды таратып, шаршыдын өзгеше 4 төртбұрыштың суретін салуға тапсырма береді. Бұл тапсырманы дұрыс және басқалардын тез орындап шыққан бала жеңеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет