ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты:жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында бүтін мен бөлшек туралы бұрын меңгерген білімдерді тексеру;ойын іс-әректіне уәждеу. -Біз « Бүтінді ата» деп аталатын бойжазу өткіземіз. Мұғалім заттың бөлшегін атап,допты балаға лақтырады. Бала ол бөлшекті атап, допты қайта лақтырады.
-желкен-...(желкенді кеме)
-жапырақ-...(ағаш)
-Өкше-...(туфли)
-шатыр-...(үй)
-қабыршақ-...(балық)
Бойжазудан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті. Мұңалім әуелі бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінік қалыптастыру бойынша алдын-ала жұмыс жүргізеді. Жиынтықтарыны бар әртүрлі көрнекілікті тапсырмалардың мысалында бүтін мен бөлшектердің қатынасы анықталады(бөлшектер бүтінен кіші). Балалар бірнеше бөлшекті бүтін жиынтыққа біріктіруге жаттығады. Сосын мұғалім тақтаға « +»белгісі бар карточканы іліп, балаларды бөлшектерді бір бүтінге біріктіру ретіндегі қосумен таныстырады. Оқып-меңгеретін тақырыпты жақсы ұғыну мұғалім балаларды реттілік суреттері түріндегі есептік жағдаят негізінде қосуға берілген қарапайым есептің үлгісін жасауға үйретеді. Материалды бекіту үшін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.
1-ші ойын. «Бүтін жиынтықты тап». Мақсаты:бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру; бөлшектерді бүтін жиынтыққа біріктіру іскерлігін қалыптастыру; командада жұмыс істеу іскерлігін дамыту. Тақтаға фигуралар – бүтін жиынтықтар салынған карточкалар шашыраңқы түрде бекітілген(үлгіге қараңыз). Командалар бойынша жұмыс істеу. Мұғалім әр қатысушыға 2 карточкадан- жиынтықтың бөлшкетерін (үлгі қараңыз) береді. Ойынға қатысушылардың міндеті – жиынтық бөлшектерін қосу амалын орындап, оларды тиісті бүтін жиынтықтың жанына бекіту. Қатысушылар бірінен кейін бірі кезекпен ойнайды. Тапсырманы дұрыс және басқалардан тез орындаған команда жеңеді.
Тақтада: қатысушыларға арналған карточкалар:
1-нұсқа: