12. Лупанчук Гулсаним 1)Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса.
2)Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін?
Х=10; (х*3)- х=20
Жауабы: мен 30 жастамын.
3) Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген. Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?
Жауабы: 26
4) 3 м соқа тіркелген трактордың жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол 5 сағатта қанша жер жыртатынын анықтаңыз.
Шығару жолы: Трактордың неше км жол жүргенін тауып алайық:
S = V • t
S = 9•5 = 45 км
Яғни 45 км жолды 3 м соқамен жыртқан. Екеуін де бір өлшем бірлікке келтіріп, жыртылған жердін ауданын табайық:
45 км = 45000 м
S = a•b = 45000 м • 3 м = 135000 м2
10000 м2 = 1 га екенін ескеріп: 135000 м2 = 13,5 га
Жауабы: 13,5 га
5)Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.
Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?
Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге
400: 4=100 теңге
1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге
13. Қаржаубай Арай 1.Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат - туыстар:
Алтай - Айгүлдің ағасы;
Айгүл - Сәуленің қызы;
Сәуле - Бекзаттың әпкесі.
Бекзат Алтайға кім болады?
Жауабы: Бекзат Алтайға нағашы болады
2. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады?
Жауабы: Капитан ретінде 11 ойыншы бола алады. Капитанды таңдағасын қалған 10 ойыншы оның орынбасары бола алады. 11*10=110
3. Суретті есеп
4. Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата - аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?
Шешімі: 120*4=480 174*2=348 4+2=6 (480+348)/6=138 см
5. .Бабаханның Ұланннан 5 есе артық кітабы бар.Егер Бабаханның 20 кітабын Ұланға сыйласа,олардың кітаптарының саны бірдей болады. Бабаханның неше кітабы бар? Ұланның ше?
Шешуі:
(Х*5)-20=Х Ұланда-10 кітап
(10*5)-20=30 Бабаханда-50 кітап
50-20=30
30=30