Логикалыќ пікірлердіњ негізгі тџсініктері



бет3/6
Дата11.01.2022
өлшемі78 Kb.
#23935
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
1.2.Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.

Ақпараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясының құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокты модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.

Орталық процессорға қатысты алған құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уақытсақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.

Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік ақпараттық интерфейс деп аталатын аппараттық логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.

Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез келген компьютерлік программаның негізгі атқаратын қызметі аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы. Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.

Ұйымдастырумен жасақтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл дегеніміз, нақты обьектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады. Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.

Техникалық жабдықтау бұл ақпараттық жүйемен жұмыс істеуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке амалдардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпаратты алу, оны түрлендіру және тұтыну.

Бірінші саты экономикалық обьектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратта жинауды және тіркеуді орындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын амалдар тобын қамтиды. Бұл амалдың мақсаты мекемелердің, кәсңпорындардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты ақпаратты түрлендіру амалының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты амалдар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет