2.3. Компьютердің логикалық элементтері
Деректер мен командалар ұзындығы мен құрылымы әр түрлі екілік тізбектер түрінде беріледі. Компьютердің электрондық құрылғыларында екілік бірлік екілік нөлге қарағанда, кернеудің жоғары деңгейімен кодталады.
Компьютердің логикалық элементі элементар логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемалары және триггер.
Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады.
Вентильдердегі 1 және 0 болатын екі логикалық жағдайды көрсету үшін оларға кірістік және шығыстық сигналдарында кернеудің белгіленген екі деңгейінің бірі сәйкес болады. Әдетте, жоғары деңгей «ақиқат» мәніне, ал төменгі деңгей «жалған» мәніне сәйкес болады.
Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады, бірақ ол ондағы нақты қандай электрондық схеманың жүзеге асырылғанын көрсетпейді. Бұл күрделі логикалық схемаларды жазуды және түсінуді жеңілдетеді.
Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің көмегімен сипаттайды.
Триггер
Триггер бұл компьютердің регистрлеріне екілік кодтың бір разрядын жадыда сенімді сақтау үшін кеңінен қолданылатын электрондық схема. Триггердің орнықты екі жағдайы бар, оның бірі екілік санау жүйесінің бірлігіне, екіншісі екілік санау жүйесінің нөліне сәйкес болады.
Триггер термині ағылшынның ілгешек, төмен түсетін ілгешек деген сөзінен шыққан.
Қорытынды
Бүгіннің өзінде ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып , жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйрену ісіне үлкен көмек берді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ дер күнбе күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.
Қолданылған әдебиеттер:
О.Камардинов «Информатика», Алматы 2006
Е.Қ.Балапанов «Информатикадан 30 сабақ», Алматы 1999
Байжұманов «Информатика»
Достарыңызбен бөлісу: |