Логикалық тапсырмалар



бет1/9
Дата07.01.2022
өлшемі269 Kb.
#18289
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Логикалық тапсырмалар.

Ұсынылып отырған «Логикалық тапсырма» 4 - сыныптағы қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Тапсырма

Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________

Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгі ол табыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет