Логикалық тапсырмалар



бет6/9
Дата07.01.2022
өлшемі269 Kb.
#18289
1   2   3   4   5   6   7   8   9
_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

Тапсырма

Жұмбақтар

Сидам аяқ, ұзын мойын:

Таң қаласың көрсең бойын.

Тілі - ұзын, жемі - тікен,

Мейірбан жуас айуан екен. (Керік)

Мүйізі бар тұмсықта,

Өте қатал мінезі.

Аяқтары қып-қысқа,

Сом денелі аң өзі. (Мүйізтұмсық)

Алшаң-алшаң басады,

Құйрығында шашағы,

Аң біткен одан қашады. (Арыстан)

Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласыңба?

Тапсырма

«Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау



Үлгі:

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)

Тапсырма

Тәуелсіздік жастар рухы ап келген,

Қазағыма бақыт берген, бақ берген.

Тәуелсіздік мерекеміз бүгінгі,

Мәңгілікке орын алшы нақ төрден.

өлеңдегі ойға назар аударып, қара сөзбен баяндап беріңдер. Қандай дыбыстар үндесіп тұр, неліктен деп ойлайсың?



Тапсырма

«Ұйқасын тап»



  1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім... (қоян)

  1. Алмастан тыным,

Шабады ... (құлын)

  1. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

  1. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы ... (арыстан)

*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет