Дидактикалық ойын
Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.
Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.
Жұмбақ шешу
Белі қылдай, кең құрсақ,
Жұмыскер жәндік соны тап. (Құмырсқа)
Ызыңдауын қоймайды,
Қанға өмірі тоймайды. (Маса)
Ас көрсе-ақ болды жалайды,
Ауру содан тарайды. (Шыбын)
Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың?
Достарыңызбен бөлісу: |