Қабылбаева Диана 1.Оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық байланыс тұрғысынан беру дәрісі:
A) Бинарлы+ B) жалпылау дәрісі C) кіріспе дәріс D)Ақпарат дәрісі E)Шолу 2.Студенттердің аталған курс жұмысының жүйесіне назарын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең алғашқы түсініктерін қалыптастыратын дәріс типі: A) Бинарлы B) Алдын ала жоспарланған қателермен жұмыс дәрісі C) кіріспе дәріс+ D)Ақпарат дәрісі E)Шолу дәрісі 3.XX ғасырдың басында Дальтон жоспарын жүзеге асырған және ұсынған Дальтон қаласының мұғалімі:
A) Ллойд Трамп B) Л.С.Выготский C) Елена Паркхерст+ D)К.Д Ушинский E)А.Р Лурия 4.Қай жылдары Қазақстан түлектеріне Киев,Ленинград,Мәсеу қалаларында Дефектология факультеттеріне түсу үшін арнайы орындар бөлінді:
A) 1970-1980 B) 1985-1986 C) 2001-2002 D)1976-1977 E)1962-1963+
5.Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы туралы еңбектерді жазған:
A) Аутаева А.Н B) Намазбаева Ж.Ы C) Коржова К.М D)Өмірбекова Қ.Қ E)Сүйлейменова Р.А
6.Дәрісбаян құрылымы:
A) кіріспе бөлім+ B) негізгі бөлім+ C) бекіту D)жаңа сабақты түсіндіру бөлімі E)емтихан F)қайталау G)қорытынды бөлім+ 7.Оқуға байланысты форма екі мағына да қолданылады:
A) тьюторлық форма B)отбасылық оқу C) оқу формасы+ D)алдыға ұмтылу формасы E)оқу-ұйымдастыру формасы+ F)практикум G)даралық формасы H)репетиторлық форма 8.Оқу формасына жатпайды:
A) Жеке дара B) топтық C) Дипломдық жоба+ D)ұжымдық E)Дәрісбаян+ F)жұптастық G)Сабақ+ 9.Жеке дара өтілетін дәріс түрлеріне жатады:
A) репетиторлық+ B) тьюторлық+ C) семинар D)олимпиада E)мектептен тыс F)оқу саяхаты G)менторлық+ H)курстық жоба 10.Сыныптан тыс жерлерде оқыту жолдары:
A) зертханалық жұмыс B) жекелеп оқыту+ C) ұжыммен оқыту D)семинар-сөзжарыс E)семинар F)жеке,жеке-топтық оқыту+ G)дәріс 11.Дәрістің артықшылықтары:
A) дұрыс ұсынылған және тыңдалған дәріс студенттердің ақыл ой әрекеттерін белсендендіреді+ B) монологтігі C) білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемдісі+ D)оқу материалын игеру барысында оның деңгейін жеделдетуді жүзеге асыру мүмкін еместігі E)білім алушының аудиториямен қарым-қатынас жасауы,шығармашылықпен айналысу,эмоцияналдық өзара әрекеттесуі+ F)жекеленген амалды іске асыру мүмкіндігінің шектеулі болуы G)студенттердің ой қозғалысын тудыру жұмыстарын жүргізе алмайды H)студенттердің белсенді зейінін дамытпайды
12. АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады. Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмауы
1.Ллойд Трамптың жоспары бойынша қандай мектептер тобы жұмыс істеді?
A) математикалық мектептер
B) Дәрістік топтар
C) Эксперименттік мектептер+
D)Бақылау мектептері
E)Стандартты мектептер
2.Мектептің кабинеттерінде жеке зертханалық жұмыстар жүріп отырғанда жеке жұмыстарға кететін уақыт көлемі:
A) 30%
B) 50%
C) 20%
D)10%
E)40%+
3.Ллойд Трамптың жоспарының негізгі кемшілігі:
A) оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы+
B) оқушылардың бірнеше күн бойы бір пәнді оқуы
C) мұғалімнің оқушыларға жазбаша тапсырма беруі
D)зертханалық жұмыстар жүргізуі
E)Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы
13. Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларына дәрістер, семинарлар, зертханалық сабақтар жатады.
•Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады. Дәріс жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесінде жетекші орын алады. Оқытушылардың кең көлемде, жүйелі түрде, логикалық құрылған, дәйекті түрде баяндалған оқу материалдары, яғни дәріс сабақтары ЖОО-ң барлық мамандық пәндері бойынша жүргізіледі. Дәрістің басты мақсаты – баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету. Бағыт-бағдарлық қызмет студенттерге дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
•Ø Түсіндірушілік қызмет студенттердің ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
•Ø Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
•Ø Дамытушылық қызмет студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
•Ø Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет студенттердің оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты
1. Дәрістің басты мақсаты:
A) Дамытушылық қызмет студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
B) Дәріс жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесінде жетекші орын алады. Оқытушылардың кең көлемде, жүйелі түрде, логикалық құрылған, дәйекті түрде баяндалған оқу материалдары, яғни дәріс сабақтары ЖОО-ң барлық мамандық пәндері бойынша жүргізіледі.
C) педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады.
D) баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету.+
E) Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
2. Дәрістің Жүйелеушілік қызметі:
A) қызмет студенттердің ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған
B) дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді+
C) студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
D) қызмет студенттердің оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты
E) баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету