Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
Үлестірмелі жұмыс:
- Балалар, алдымызда тұрған кеспе әріптермен «қ» дыбысы басында, соңында кездесетін сөздер жазайықшы.
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан
басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Құлыншақ», «Кесе».
Мақсаты: осы жаттығулар арқылы тілдің, еріннің қимыл-қозғалысын дамыту.
11.10-13.00
|
Жеке сөйлеу картасы бойынша баламен жеке жұмысты дамыту
|
Әр баланың сөйлеу тілі ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар дайындау.
|
14.00-15.00
|
Құжаттармен жұмыс жасау
|
Циклограмма жазу, оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау.
|
«Бекітемін»
«Құлыншақ» б/б меңгерушісі
_______________Г.Т.Уалиева
Логопедиялық оқу қызметінің циклограммасы
Уақыты:
Топтар:
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі».
Уақыт
|
Топтар
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі
|
8.50
9.00
|
|
Кабинетті желдету, сабақ өтуге дайындау.
|
9.05
9.10
|
|
Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.
|
09.15-09.45
|
|
Тақырыбы: Дыбыс және әріп «Ш ш»
Мақсаты:
1) Білімділік: Балаларды «Ш» дыбысымен, әріп таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың «ш» дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару.
2) Түзетушілік: Балаларды «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3) Тәрбиелік: Балаларды «Ш» дыбысын дұрыс айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар, ойынға арналған суреттер, Ш дыбысы бар суреттер.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, гүл шоқтары, электронды оқулық.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Түрі: Ойын
|
Достарыңызбен бөлісу: |