Логопедиялық қызметтің апталық циклограммасы Уақыты: 10-14 қаңтар 2022 жыл Топтар: мектепке дейінгі ересек тобы, мектепке децінгі орта жас тобы, кіші жас топ Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»



бет20/42
Дата29.11.2022
өлшемі120,93 Kb.
#53613
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
логопед цикл

Дидактикалық ойын:
Ойын: «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
Үлестірмелі жұмыс:
- Балалар, алдымызда тұрған кеспе әріптермен «қ» дыбысы басында, соңында кездесетін сөздер жазайықшы.
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан
басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Құлыншақ», «Кесе».
Мақсаты: осы жаттығулар арқылы тілдің, еріннің қимыл-қозғалысын дамыту.

09.55-10.25

Мектепке даярлық тобы

Тақырыбы: Дыбыс және әріп «Қ қ»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу.
Мақсаты: «Қ»дыбысымен және әрпімен таныстырып, сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету. «Қ»дыбысын қатыстыра отырып сөз, сөйлем құрау, буынға назар аудару және «қ» дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге дағдыландыру. Байланыстыра сөйлеуге, ұғымталдыққа баулу.
Дидактикалық ойын:
Ойын: «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет