«Бекітемін» «Құлыншақ» б/б меңгерушісі _______________Г.Т.Уалиева
Логопедиялық оқу қызметінің циклограммасы
Уақыты: Топтар: Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор».
Уақыт/
Топтар
Ұйымдастырылған оқу қызметі
8.50
9.00
Кабинетті желдету, сабақ өтуге дайындау.
9.05
9.10
Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.
09.15-09.45
Ересектер тобы
Тақырыбы: «С-з» дыбыстарын салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: [С - З] дыбыстарының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. [С - З] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.
Түзетушілік: Оқушыларға «С», «З» дыбыстарын жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.
Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
[С -З] дыбыстарын буында, сөзде ажырату.
Буында ажыратуға буындарды айтқызып, одан сөз құрау.
С дыбысына: Са – са –са - сағат
Со – со – со- соқа
Се – се – се -кесе
З дыбысына: Ұз – ұз –ұз - тұз
ыз – ыз – ыз - қозы
аз – аз – аз - қаз
Ойын: «Хайуанаттар бағында»
Мақсаты: [С - З] дыбыстарын ажырату.
Ойын барысы: Хайуанаттар бағында білесіндер көптеген жан- жануарлар бар екенін.Бүгін біз сол жан- жануарларды торларына кіргіземіз.Сендерге бірнеше жануар беремін бірақ, [С - З] дыбыстары бар жануарларды торға кіргізесіндер.
- берілген жануарлар – «С» дыбысы бар жануар: қасқыр, суыр, жолбарыс. «З» дыбысы жануар аңдар:зебра, қоңыз,қозы
-қозы– 4 әріптен, 2 буыннан, з дыбысы екінші буында, ортасында естіліп тұр.
Жұмбақты шеш:
1.Шешесі су, әкесі- суық (Мұз)
2. Тілі бетінде
Сөзі шетінде (Ара)