Логопедиялық қызметтің апталық циклограммасы Уақыты: 10-14 қаңтар 2022 жыл Топтар: мектепке дейінгі ересек тобы, мектепке децінгі орта жас тобы, кіші жас топ Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

бет39/42
Дата29.11.2022
өлшемі120,93 Kb.
#53613
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекі құралдар: Слайд, бейне материалдар, суреттер, буындар, кеспе әріпте, ойын материалдары, карточкалар.
Жаңа сабақ
Әріп туралы түсінік беру
Әрине, бүгін біздің танысатын сиқырлы әрпіміздің аты Ұ деп аталады.
Енді дыбыстың айтылуына мән беріңдер. Ұ - ұ - ұ
Қалай дыбысталып тұр?
Егер, созылып, әндетіп айтылса, ол қандай дыбыс болғаны? Қандай текшемен белгілейміз?
Ұ - жуан дауысты дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөз соңында кездеспейді.
б) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Ұ дыбысы кездесетін сөздер ойлап табу
в) Бейне материалдан Ұ дыбыс кездесетін сөздерді қарау
г) Дыбыстық талдау жасау
құ - дық, ұ - лу, бұ - зау
д) Әріп таңбасын салу
Тәрбиеші әріп таңбасын салып көрсетеді (Тақтаға, ауаға)
е) Дәптермен жұмыс

11.10-13.00

Жеке сөйлеу картасы бойынша баламен жеке жұмысты дамыту

Әр баланың сөйлеу тілі ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар дайындау.

14.00-15.00

Құжаттармен жұмыс жасау

Циклограмма жазу, оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау.

«Бекітемін»
«Құлыншақ» б/б меңгерушісі
_______________Г.Т.Уалиева

Логопедиялық оқу қызметінің циклограммасы
Уақыты:
Топтар:
Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор».

«Бекітемін»
«Құлыншақ» б/б меңгерушісі
_______________Г.Т.Уалиева

Логопедиялық оқу қызметінің циклограммасы

Уақыты:
Топтар:
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз».

Уақыт

Топтар

Ұйымдастырылған оқу қызметі

8.50
9.00

Кабинетті желдету, сабақ өтуге дайындау.

9.05
9.10

Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.

09.15-09.45

Ересектер тобы

Тақырыбы: «Ж ж» дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.
1. Жаңа сабақ. Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
(суреттер)
- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.
Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.
- Ж - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Әліппе - дәптерімен жұмыс.

09.55-10.25

Мектепке даярлық тобы

Әр баланың сөйлеу тілі ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар дайындау..

14.00-15.00

Құжаттармен жұмыс жасау

Циклограмма жазу, оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет