САБАҚ: Қазақ музыкасы
|
Мектеп: №19 06.12.2022ж СейлбекЖания
|
СЫНЫП: 7 «А» сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
7.2.4.1-идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.4.3.1-фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
7.3.2.1-жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
Тұтас сыныптық, жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Қазақ музыкасы
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Алдыңғы тақырып
|
Қазақ музыка өнерінің арналары
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы 5 минут
|
І Ұйымдастыру кезеңі
А)Сыныппен сәлемдесу, өзімді таныстыру,түгелдеу.
Ә)Топқа біріктіру.
3 топқа домбырада, жетігенде, қобызда орындалыған күйді қойып, оқушыларға сол аспаптардың аты жазылған қима қағаздар таратып беріп, қай топта өздеріңнің қолдарыңдағы аспаптан күй орындалып тұрса, сол топқа жайғасуын сұрау.
Б)Алтын ереже құру
- Уақыт үнемдеу;
- Әділ болу;
- Көршіңнің пікірін сыйлау;
- Әдепті болу;
- Белсенді болу;
Ә)Бағалау парақшасын таратау
Әр топтың басшысын сайлатып, топ басшысына бағалау парақшасын беру.
|
Қима қағаздар, музыка, суреттер.
|
Ортасы 20 минут
|
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан өткен сабақта үйге берілген тапсырманы «Жұлдызды жауын» ойыны арқылы сұрап, әр бір дұрыс жауапқа жұлдызшалар үлестіріп отыру.
ІІІ Жаңа сабақ
Жалпы сыныптық жұмыс
Оқылым
Мәтінді топтарға бөліп беріп, әр азат жолдағы негізгі ойды анықтап, мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдермен ат қоюын сұрау.
І топ: Бірінші азат жол
ІІ топ: Екінші азат жол
ІІІ топ: Үшінші азат жол
Қазақ музыкасы
Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың әндері мен күйлері еліміздің әр кездегі тіршілік-тынысын танытады.
Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі. Музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс-салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Ғұрыптық әндердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері – халық әндері және кәсіби халық композиторларының әндері болып тармақталады.
Ауыл-ауылды аралап ән салып, күй тартқан сал-серілер мен ақын-жыршылар сол дәуірдің музыка мәдениетін таратушылар болды. ХV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы мен Қазтуған – қазақ музыка өнерінің дүлдүл өкілдері. XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында Абай, Біржан, Жаяу Мұса сияқты композитор-әншілер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді. Дәулеткерей, Ықылас күйлері туған жерді дәріптеуге, халық мерекелерінің көріністеріне, тұрмыстық сюжеттерге құрылды. Құрманғазы күйлері халық тағдырын, қазақтың кең байтақ дарқан даласын суреттеп, ұлттық әуен құрылысын байытты. Әнші-композиторлар Мұхит, Ақан, Балуан Шолақ, Тәттімбет, Қазанғап, сыбызғышы Сармалай шығармалары халық музыкасының классикалық қорына қосылды.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа жанрларда өрістеді. Аз ғана уақытта классикалық музыканың опера, симфония, балет, кантата, ансамбль, оркестрлік және хор орындаушылық түрлері жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30–40-жылдарында ұлттық мазмұндағы және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді. Олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.
Бағалау: Әр топтан оқушылар тұрып, тақырыпты айтады,идеясын анықтайды. Өзге топ мүшелері «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Жұптық жұмыс
Жазылым
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала,әңгіме құрастырып жазу;
Г.М.Потанин (Орта Азияны зерттеуші этнограф-саяхатшы): Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді.
В.Браташ (венгер музыкатанушысы): Қазақтар – таңғажайып дарынды халық. Мен олардың әндеріне тәнті болдым. Қазақ халқы веналықтардан музыкалылығы жағынан кем түспейді және вокалдылығы итальяндықтардан кем емес деп айтсам, қателеспеймін деп ойлаймын. Қазақ елі – сәтті ұштасқан азиялық Вена мен Италия.
Э.С.Вульфсон (географ-саяхатшы): Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйткіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды.
Бағалау: Әр топтан үздік шыққан жұмысты өздері таңдап оқиды, өзге топтар бағалайды.
Жеке жұмыс ( Бұл жұмыс деңгейіне қарай топ мүшелеріне беріледі.)
1.Оқылым мәтінен жалпы, жалқы зат есімдерді табу
2.Оқылым мәтінен шылауларды табу
3.Оқылым мәтінен сызықша, дефис қойылған сөйлемдерді тауып, олардың қойылу себептерін жазу.
4.Ән,күй, музыкаға қатысты фразеологизм жазу.
5.Күрделісөздерді теріп жазу
6.Буын үндестігі сақталмаған сөздерді теріп жазу.
7.Өнер, ән, күй туралы мақал-мәтел жазу.
|
Жұлдызшалар
Оқулық
Оқулық
Кеспе қағаздар
аудиожазба
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Күннің нұры» ойыны арқылы сергіту сәтін жасау
|
|
Аяқталуы 15 минут
|
. Топтық жұмыс
І топ: венн диаграммасы бойынша ХІХ ғасыр мен ХХғасыр музыканттарын салыстыру.
ІІ топ: Қазақ музыкасы туралы постерге түсіріп қорғау
ІІІ топ: Слайд, буклет немесе сал-серілер мен сазгерлер туралы жазып, таныстырылым жасау.
Бағалау: Әр топтан оқушылар тұрып, тақырыпты айтады,идеясын анықтайды. Өзге топ мүшелері «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Оқулық , венн диаграммасы, постер, буклет.
|
Достарыңызбен бөлісу: |