ық жоспар логопед Педагог-логопедтің мақсаты: Оқушылардағы ауызша және жазбаша сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын анықтау және түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу,сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу.
Міндеттері: -Оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрлымы мен байқалу айқындығын анықтау, логопедиялық тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында)жеткізу:
-Түзету жұмыстарының міндеттерін, формасын , тәсілдерін анықтау , бастапқы сөйлеу тілдік бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу,сөйлеу тілдік бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете-дамыту жұмысын жүргізу;оқушылардың ары қарай қоғамда бейімделуін қамтамасыз ету;
-Балаларды ПМПК-ке ,психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда)жіберу;
-Сабақ өткізу үшін оқушыларды психофизикалық және сөйлеу тілдік жағдайын есепке ала отырып, топтастыру;
-Түзету жұмысын ұйымдастыру барысында педагогтардың кәсіптік құзыретін жоғарлату бойынша шаралар өткізу;
-Оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторингілеу;
-Мектеп және жанұя жағдайындағы сөйлеу тілдік бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға кеңес беру;
-Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жұмысына қатысу;
-Нормативтік құжаттарға сәкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.