ҚЎлпыбаев с



бет102/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Екінші қағидатқа сәйкес «қайыр көрсету» субъектілер үшін қолайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың бөліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын қажетті шығыстардан төленетін салық пен ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді.
Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге қатаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды.
Сонымен бірге табыс салығының жоғары мөлшерлемесі кезінде (50%-дан жоғары) жалпы фирмалар мен халықтың іскерлік белсенділігі шұғыл төмендейтіндігі белгілі. Мұны профессор А. Лаффер бас болып америкалық экономистер теория жүзінде дәлелдеуге тырысып бақты. А. Лаффер бюджетке түсетін салықтар сомасының табыс салығының мөлшерлемелеріне тәуелділігін анықтады («Лаффер нәтижесі» деп аталады).
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың кағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге қажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) қағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар: 1) салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты); 2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты); 4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық төлеушінің ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық объектінің қос салық салудан қорғанышы болуы тиіс.
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл үдеріске регламенттеуді енгізді және А.Смитке «...салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады: а) «дең­гейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді. ә) «сатылас теңдікті» сақтау жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді колдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салықтық механизм салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашы­лық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалай­ды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды. Белгілі бір өнімдерді, қызметтерді, тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды салықтан беталды босатудан қашқақтау қажет. Әлеуметтік саясатты, денсаулық пен мәдениетті дамытуды қаржыландыруға қажетті қаражаттарды салықтардың мөлшерлемелерімен айла-шарғы жасау жолымен алуға болмайды. Салық төлеушілердің жекелеген топтары тарапынан қысымға саяси билік берілмеуі тиіс. Бұл қағидат сондай-ақ рыноктық экономика тұрғысынан да маңызды. Нағыз бағаларсыз рынок болмайды. Беталды салық жеңілдіктері бағалар жүйесінде көрінеді және әрбір өнімнің нақтылы бағасы туралы анық түсінік бермейді.
5. Салық салудың экономикалық қолайлылығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті салық салуға болмайды. Өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға салықтардың нәтижесі қалай болатынын есепке алған жөн. Егер нәтиже бұл жағдайлардың біреуінде теріс болған жағдайда мұндай салықты қолданбаған дұрыс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялығы қағидаттарына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет