ҚЎлпыбаев с



бет101/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Экономикалық категория ретінде «мемлекеттің кірістері» ұғымын және олардың диалектикасын тұжырымдаңдар.
2. Әр түрлі көздерден алынатын мемлекет кірістерінің құрамды бөліктерін атаңдар.
3. «Мемлекеттің қаржылық ресурстары» мен «мемлекеттің кірістері» ұғымдарының айырмашылықтары қандай?
4. Мемлекет кірістерінің мемлекеттік бюджет кірістерінен айырмашылығын анық­таңдар.
5. Мемлекеттің кірістерін әр түрлі белгілері бойынша сыныптаңдар.
6. «Таза табыс» ұғымының экономикалық мәні неде?

12-тарау. Салықтар және салық жүйесі
12.1.Салық ұғымы және оның
әлеуметтік-экономикалық мәні


Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады. Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың қағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл К.Маркске сол кездегі капиталистік қоғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: «Салық – бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші құдай»; одан ары: «Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады». Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, – деп жазылған.
Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және экономикалық субъектілер қызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) кағидаты;
2) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды қолдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама колдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде қандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет