ҚЎлпыбаев с



бет146/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар бар­лық деңгейлердегi − республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге дей­iнгi бюджеттердiң шығыстары құрамында жыл сайын бекiтiледi. Бюджеттік қаражаттар бекiтiлген қаржыландырудың дара жоспарына сәйкес жұмсалынады, ол мекеме шығыстарының көлемiн, қаражаттарды мақсатты бағыттауды және оларды тоқсанғa бөлудi анықтайтын негiзгi құжат болып табылады.
Экономикалық сыныптамағa сәйкес басқару аппаратын ұcтaуғa жұмсалатын шығыстардың құрамына мыналар кiредi: ағымдағы шығыстаp (тауарларға және қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар, соның iшiнде жалақы, өтемдiк және басқадай ақшалай төлемақылар; сыйақылар төлеу; субсидиялар және басқа ағымдағы трансферттiк төлемдер); күрделi шығыстар; кредит беру, үлестiк қатысу және қаржыландыру.
Басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды анықтайтын басты құжaттap штат кecтеci мен шығыстарды қаржыландырудың дара жоспары болып табылады.
Басқару органдары, ұйымдар мен мекемелер штат кecтeciн қалыптастырған кезде типтiк құрылымдарды, типтік штаттарды, сандық нормативтердi, жұмыскерлердің лауазымдық қызметақыларының сызбаларын, жалақының мөлшерлемелерін және басқару аппараты шығыстарының басқа түрлерінің нормаларын басшылыққа алады.
Мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар өндіріс шығындарына кіріктіріледі және өнімнің өзіндік құнында бейнеленеді, ал олардың үйлестіруші органдарын ұстау бірінші кезектегі төлемдерді төлегеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектілер қарамағында қалған пайдадан аударымдар есебінен жүзеге асырылады.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Мемлекеттің шығыстары ұғымының әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөлі неде?
2. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру кезінде қандай қағидаттар қолданылады?
3. Мемлекет шығыстары сыныптамасының критерийлері мен түрлері қандай?
4. Мемлекет шығыстарында қаржыландырудың қандай әдістері мен нысандары бар?
5. Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттамасын және құрамын беріңдер.
6. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстардың сипаттамасын келтіріңдер және қаржыландыру көздерін атап шығыңдар.
7. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығындар қалай қаржыландырылады?
8. Ғылыми-техникалық прогресті оның бағыттылық сипатына қарай қаржыландырудың ерекшеліктері қандай?
9. Қорғанысты қаржыландыру қалай жүзеге асырылады?
10. Басқарушылық қызметті қаржыландырудың ерекшеліктері неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет