ҚЎлпыбаев с



бет193/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

17.3. Мемлекеттік борыш


Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш – бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш – Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.
Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыштарды ажыратады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің бар­лық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Мемлекет кепілдендірген борыш – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері* бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.
_______________________________
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егемендік) кепілдігі—Қазақстан Ресрпубликасының қарыз алушы—резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеуге Үкіметтің қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет