ҚЎлпыбаев с


сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар



бет194/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

17.2 сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Ол бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты 1993-1998жж. 12-16 %-ды құрады; 2000 жылдан тапшылық қатты қысқара бастады: 2000ж. 0,5%-ды, 2002ж. --1,6, 2003ж.-4,3, 2004ж.–1,4%-ды құрады. 2005 жылы профицитке қол жетті--+2,4%, 2006 ж.--+3,8%; қайтадан тапшылық 2007 ж – 8,0%-ды, 2008 ж – 9,8%-ды, 2009 жылы 13,1%-ды құрады. 2009 жылы республикалық бюджет осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге қатысты 3,1%, 2010 жылы 2,7% тапшылықпен атқарылды.
Ішкі мемлекеттік борыштың болуын экономикада шығарып тастауға болмайды, қайта көп жағдайда қағида болып табылады: экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Ішкі мемлекеттік борыш 2009 жылдың басында Қазақстанға 1213 миллиард теңгені (10 миллиард АҚШ долларын) құрады, бұл ІЖӨ-нің 7,6%-ын құрайды; соның ішінде, үкіметтің борышы—820,2 миллиард теңге (6,8 миллиард долл.)
Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерек­шеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кiріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақшалар өнімді пайдаланылады және аталған қарыз алушылардың активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс зар­даптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржылық ресурстарды жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
1. Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттары есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдер қосылады, жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
3. Жекеше кәсіпкерлердің «инветицияларын ығыстыру» нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақшалай капиталдың пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жекеменшіктік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногының оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы екінші деңгей банктері мен басқа коммерциялық құрылымдардың табысына айналады.
Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандары мыналар болды: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.
Қазақстанда оның дербес дамуының басынан ішкі мемлекеттік борыштың айрықша нысандары болды:
ауыл шаруашылығы өніміне, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатқа бағалардағы айырманың орнын толтыру және ауыл шаруашылығы өніміне сатып алу бағаларына сараланған үстемақы төлеу бойынша бюджеттің шығарылған берешегі, бұл бөлудің әкімшілік әдістері жағдайларындағы баға сәйкессіздіктерінің нәтижесі болып табылады;
банктердің несиелері бойынша су шаруашылығының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының шығарылған берешегі – қырсыздықтың, кредиттеу қағидаттарының және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есебінің бұзылуының салдары;
«директивалық кредиторлар» деп аталатындар нысанындағы, сондай-ақ ішкіреспубликалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және өтеу бойынша қордаланған берешек. Директивалық кредиттерді дағдарыс жағдайларында кәсіпорындар мен салаларға олардың шаруашылықтық қызметін қолдап отыру үшін Қаржы министрлігінің кепілдігімен Ұлттық банк беріп отырды. Ішкіреспубликалық есепке алу дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Дерективалық кредиттер мен өзара есепке алуларды пайдаланудың нәтижелері бойынша жағымсыз салдарларына байланысты ішкі кредиттеудің бұл нысандары мұнан былай қолданылмайды.
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп уақыттың белгілі бір кезеңінде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы, комиссиялық, айыппұлдар және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе қарыз алушының шоттарындағы қарыздық қаражаттарды пайдаланудың есебі бойынша банктің және қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдерін жүзеге асыру қызметі.
Борышты өтеу – қарыз алушының қарыздың алынған сомасын кредиторлармен келісімшарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, борыштың басқа құрамды бөлігінің белгіленген тәртібі мен міндеттемелердің орындауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет