ҚЎлпыбаев с


Мемлекеттік борышты басқару



бет197/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

17.5.Мемлекеттік борышты басқару


Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Мемлекеттік борышты басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік борыш мониторингі жүргізіледі.
Мемлекеттік борышты басқарудың нақтылы үдерісі:
1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда оған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды кіріктіреді. Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды мемлекеттік жоспарлауды жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін тәртіппен үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін айқындауын;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;
5) борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, соның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу,ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шаралар дайындап, іске асыруын;
6) мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен рыноктарды әртараптандыру, әр түрлі туынды қаржылық құралдарды (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін рынокта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңи тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды кіріктіреді.
Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару Үкімет айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың шектелімдері белгіленген. Бұл шектелімдер тиісінше республикалық бюджетте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге (қаржылық жылдың аяғына) тиісті құрылымның нақты борышынан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджеттік қаражаттар көлемімен шектеледі.
Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаттарының көлемімен шектеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар есебінен Ұлттық банк арқылы Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышының лимитін Үкімет белгілейді. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.
Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттіің құрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі – үкіметтің кредитор алдында Қазақстан Республикасының қарыз алушы-резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаражаттар есебінен Үкімет анықтаған тәртіппен жүзеге асырады.
Мемлекеттік борышты басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынадай әдістерді қарастырады: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Бұл ретте, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық арасалмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыздық облигацияларды сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады. Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.
Облигацияларды кемімелі арасалмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржылық қиыншылықтар кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режім ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін.
Мемлекеттік борышты басқарудың аталған әдістері әр түрлі үйлесімде бір мезгілде, мысалы айырбастау, мерзімді ұзарту және сәйкестендіру немесе айырбастау және сәйкестендіру және т.с.с. қолданылуы мүмкін.
Қаржыны сауықтыру, соның ішінде мемлекеттік борыштың өсу қарқынын төмендету жөніндегі шаралардың ішінде мемлекеттік меншіктің бір бөлігін өткізуге болады, яғни жекеше секторға сату жолымен активтердің бір бөлігінен бас тарту; бұл тиімділігі аз меншікті қолдау жөніндегі мемлекет көтеретін ауыртпалықты азайтады.
Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен тұтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюталық ресурстарды тарту оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыздық қара- жаттардың қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді: негізгі борыштың сомасы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың көбеюі ұлттық валюта бағамының, экспорт пен импорттың арасалмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет