ҚЎлпыбаев с


Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері



бет238/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

20.5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақшалай қорланымдардың көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.


Салықтар ықпалының бұрын баяндалған салдарларына (12.1, 12.7, 12.16) қосымша ретінде мынаны ескеру қажет.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік модел), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады, мұның нәтижесінде сұраным сызығы АД1 тепе-теңдік жай-күйінен оңға жоғары АД2 жағдайына қозғалады (20.3 сызбаны қараңыз). Бұл ұлттық өнімнің көлемін Q2 мөлшеріне дейін және бағалардың деңгейін P2-ге дейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі.
Жұмыскерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді. Нәтижесінде жиынтық ұсыным сызығы AS1 жағдайынан Q3 деңгейіне дейін ұлттық өнімнің өсуін және бағалар­дың P2-ден P3-ке дейін төмендеуін білдіретін AS2 жағдайына оңға төмен ауысады.


20.3 сызба

Екі бағыттардың әрекеті кезінде өндіріс көлемі оданда көп – Q3-ке көбейеді, бірақ бағалар P3-ке дейін өседі.
Мұнан басқа «ұсыным экономикасы» теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту–ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Америкалық оқымыстылар – «ұсыным экономикасының» өкілдері А.Лаффер және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі қызметін атқарады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша, – бұл рынокқа бағытталған экономикалық қарекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асыратын болады. «Егерде рыноктың табысты жұмыс істеуі аса жоғары және прогрессивті салықтар түрінде күшейіп отырған кемсітушілікпен қақтығысатын болса.., онда экономикалық белсенділік төмендейді».* Лаффердің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30 %-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-45%-ы алынатын болса, онда бұл жинақақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Америкалық ғалымдарының пікірі бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке салықтық түсімдер төмендейді (20.4 сызбаны қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет