ҚЎлпыбаев с



бет240/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні, оның алғышарттары мен шарттары неде?
2. Экономиканы мемлекеттік реттеу қалай сыныпталады?
3. Макроэкономикалық тепе-теңдікті баян етуде қандай қарама-қайшылықтар бар?
4. Шығыстар бойынша ЖҰӨ-ге қандай бөліктер кіріктіріледі?
5. Кірістер бойынша ЖҰӨ-ні қандай элементтер құрайды?
6. Шығыстардың мультипликаторы дегеніміз не?
7. Макроэкономикалық тепе-теңдік жүйесінде салықтардың мультипликаторы қалайша іс-әрекет етеді?
8. Баланстандырылған бюджет мультипликаторының мазмұны қандай?
9. Дискредициялық фискалдық саясат қандай шараларды қарастырады?
10. Дискредициялық емес фискалдық саясат механизмі қалай іс-әрекет етеді?
11. Қаржылық-экономикалық реттеудің бағдарламалары бойынша монетаризм теориясының негізгі айқындамаларын (ұстанымдарын) атап шығыңдар.
12. Кейнс тұжырымдамасына сәйкес сұраным мен ұсынымға салықтар әсерінің сызбасын баяндаңдар.
13. «Ұсыным экономикасының» теориясы салықтарды қалай қарастырады?
14. Тұрақты даму теориясының қағидаттарын атап шығыңдар.
15. Рыноктық тепе-теңдікке салықтар қалай әсер етеді?
16. Инвестициялық капиталдың қозғалысына салық салудың деңгейі қалай әсер етеді?


21-тapay. Қаржы рыногы және қор биржасы


21.1 Қаржы рыногы және Қазақстанда оның даму бағыттары

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелiнiп отыратын рыноктық экономикаға көшуi елiмiзде oған қызмет көpceтeтiн барлық институттармен бiрге қаржы рыногының құрылуын талап еттi. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын- соңды болған емес.


Қаржы рыногы – бұл әр түрлі нысандардағы ақшалай капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар. Ол рыноктық қатынастар жүйесiнiң құрамды бөлiгi болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: жер табиғат ресурстары, жұмыc күшi, тұрғын үй және басқа жыл­жымайтын, рыноктармен етене байланысты.
Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында қаржы рыногы қаржылық ресурстарды үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-aқ кредит рыногы түрiнде де ic-әpeкeт етедi. Қаржы рыногы экономиканың түрлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi apacындa ақшаны қайта бөлудi барлық әp түрлi нысанда реттейтiн рыноктық қатынастардың бүкiл жиынтығын бiрiктiретiн неғұрлым жалпы (opтақ) ұғым болып табылады.
Соданда болар, экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикасында қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын кіріктіре отырып кеңiнен түсiндiрiледi. Бұл қаржыны жалпы ақшалай және құндық категорияларға бара-бар категория ретiнде қарастыратын практикамен, негiзiнен әлемдік практикамен байланысты, өйткенi экономикалық ресурстардың кез келген түpi меншiктiң титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиiстi бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін. Оқулықтардың бірқатар авторлары қаржы рыногының салыстырмалы оқшауланған сегменттері ретінде қарастыра отырып, қаржы рыногының құрамында сондай-ақ депозит, зейнетақы, сақтық рыноктарын бөліп көрсетеді.
Ақша рыногы (несиелік капиталдар рыногы) дегенiмiз қолма-қол ақшалай ғaнa емес, сонымен бірге қолма-қолсыз төлемдік қаражаттарды да кіріктіретін қысқа мерзімді (негізінен бір жылға дейінгі) төлемдік қаражаттардың рыногы.
Кредит рыногы – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті кредиттік ресурстарды шоғырландыру, бөлу және қайта бөлу болып жататын қаржылық қатынастардың сферасы. Ол несиелер бойынша банктердiң кредиттік операцияларымен байланысты; бұған сондай-ақ коммерциялық кредит те жатады.
Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегiдей, айналым активтерiнiң қозғалысына қызмет етеді.
Валюта рыногы – бұл шетелдік валютаны сатып алу-сату бойынша операцияларды және уақытша бос валюталық қаражаттарды орналастыру операцияларын, сонымен бірге валюталық капиталды инвестициялау бойынша операцияларды жүзеге асыруда көрінетін рыноктық қатынастар сферасы.
Капиталдар рыногы – қоғамдық өндiрiс қатысушыларының орта-және ұзақ мерзімді несиелік капиталға* сұранымы мен ұсынымы қалыптасатын несиелік капиталдар рыногының бір бөлігі.

* Капитал рыногы рыноктар жүйесінің құрамды бөлігі ретінде екі нысанда – материалдық-заттай нысанда (нақты капитал рыногы) және ақшалай нысанда (несиелік қаражаттар рыногы) болады.


Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объекті айрықшалықты тауарлар--ақшалар мен бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет