ҚЎлпыбаев с



бет236/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Стагфляцияны* жеңу үшін ұсыным экономикасының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі – өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржылық және ақшалай саясат шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды кіріктіреді:
1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;
2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);
3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);
4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.
Өндірістің өсуі тепе-теңдік сызбасындағы (20.2сызба) ұсыным сызығын оңға және төменге ауыстырады, бұл ұлттық өндіріс көлемінің көбеюін, бағалардың деңгейі мен инфляцияның төмендеуін білдіреді. Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.
«Ұсыным экономикасының» жаңа постулаттарының бірі экономикалық үдерістерге мемлекеттің араласуын азайту және жекеше бастама мен кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қаржыларға айрықша рөл беріледі, атап айтқанда, салықтарды қысқарту, мемлекет шығыстарын қысқарту, айналыстағы ақша санын азайту қарастырылады. Осы мақсатпен айналыстағы ақшаның белгілі бір өсімін белгілеу қажет, ол ұлттық табыстың, жұмыспен қамтылудың, бағалардың және төлем балансы сальдосының орташа өсуіне сай болуы тиіс. Бұл монетаристік мектеп ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсыным сұранымды басып озуы тиіс. Жаңа салықтық теорияның авторлары (Р.Хол, Г.Талок, И.Броузон, М.Ротбот, Л.Лаффер) екі «көңіл қанағаттанатын» түйінді тұжырымдады:
1) салық салуға жатпайтын қызмет сфераларына жекелеген индивидтің еңбек сіңіруге ұмтылысын көбейтеді.
2) салық ауыртпалығы жинақақшалардың мөлшерлерін азайтады.
Сөйтіп, «ұсыным экономикасы» теориясының қорытындылары экономикалық өрлеуді реттеудің басты амалдарының бірі салықтарды азайту болып табылатындығын паш етіп көрсетті.
«Ұсыным экономикасының» теориясы мәселені шешуді – экономикаға мемлекеттің араласуын азайтуды, инфляцияны бәсеңдетуді және салықтар мен мемлекет шығыстарын бірдей қысқарту жолымен экономикалық өсімнің қарқындарын көбейтуді ұйғарады.
Институционализм – қоғам мен экономика дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғылардан түсіндіретін экономикалық ғылымдағы жетекші бағыттардың бірі.
Институционализмнің пайда болуы, ең алдымен, Т.Вебленнің жұмыстарымен байланысы, ол жұмыстарында «институттар» ұғымын ұсынды, олардың шығуын зерттеді, институттардың даму жолдары мен нысандарын талдады. Институционализм экономиканы оның барлық негізгі құрылымдары тұрақты барлық әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған тепе-теңсіз жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономикалық дамудың сипаты мен бағытын рынок өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономикалық институттардың бүкіл жүйесі айқындайды.
Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекеттік араласудың басқа нысандары қоғамдық дамудың қажетті элементтері ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары бірқатар жетекші капиталистік елдердің экономикалық саясатына негіз ретінде алынды.
Институционалдық зерттелімдер Дж. Гэлбрейттің. Г.Мюрдалдың және басқа ғалымдардың жұмыстарында 1960-1970жж. жалғастырылды. Олар экономикалық жүйелердің жұмыс істеуіне және қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларға терең талдау жүргізді. Талдаудың бастапқы нүктесі ретінде экономикалық жүйенің кейпін анықтайтын ұйымдық және әлеуметтік-мәдени нысандар таңдалынды.
Қарастырылып отырған бағыттың жақтаушылары оны әдеттегідей емес және өте қысқа мерзімді жай-күй ретінде қарастыра отырып, неоклассикалық теорияның аса маңызды постулатын – экономиканың тепе-теңдігіне ұмтылуын теріске шығарады. Жүйені тепе-теңдікке жақындауға мүмкіндік туғызатын факторлардың әсері жүйеде өзгерістер дамудың шексіз үдерісінің жай-күйін тудыратын анағұрлым қуатты сыртқы және ішкі күштермен жабылып бітеді. Сондай басты эндогендік механизм – жиынтықты себептілік.
Институционалдық-эволюциялық талдаудың ерекшеліктері экономикалық өзгерістердің оңтайлы нәтижелерді қамтамасыз етуінің ішкі үрдістерінің болмайтынын көрсетеді, сондықтан мемлекеттік араласу оң әсер етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет