ҚЎлпыбаев с


Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы



бет247/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

21.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы

Бағалы қағaздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыздық қаражатты тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа мiндеттемелердi) жекешелердiң (акционерлiк қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттiң (мемлекеттiк қарыздар облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.


Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия –бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелерiне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлiк қоғaм құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлiк қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерiн көбейткен кезде;
3) облигациялар және басқа борыштық жолымен мемлекет, заңи тұлғалар, биліктің жергілікті органдары қаражаттарын тapтқaн кезде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдiсiне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлiнедi. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушiлерiнiң жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерiнiң ауысуы болады.
Сөйтіп, бағалы қағаздар рыногы екі негізгі нысандарда жұмыс істейді: бастапқы рынок, онда бағалы қағаздарды сату арқылы капиталдарды жұмылдыру алғашқы орналастыру болады және қайталама рынок, онда бұрын шығарылған бағалы қағаздар айналады.
IPO (ай-пи-о) аббревиатурасы ағылшынның initial public offering –қандай да бір компанияның акцияларды сату үшін бастапқы жария ұсынуды білдіретін сөз тіркесінен шығады-- әр түрлі компаниялар акцияларын «алғашқы ашық орналастыру». Бұл ретте «бастапқы» сөзі компанияның өз акцияларын биржаға алғаш рет шығаруын және оларды халықтың қалың тобына шектеусіз ұсынуын білдіреді. IPO – компания тұңғыш рет сыртқы инвесторларды тартатын операция және сонымен бірге акциялар тек акционерлердің (негізінен құрылтайшылардың) арасында бөлігіндегі жабық компаниядан ашық компанияға айналады. Ары қарай акциялардың қосымша шығарылымдары жасалуы мүмкін және олар IPO шеңберінен тыс ашық рынокта орналастырылуы мүмкін. Бірақ бұл енді алғашқы орналастыру емес, өйткені акциялар айналыста жүреді.
IPO-ны жүргізу эмитент-компания қызметінің ашықтығын, оның қаржылық, есептік және өзге құжаттарының инвесторлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ тұтас алғанда кең көпшілік үшін қолжетімділігін болжайды.Компанияның иелері де, оның дамуының негізгі кезендерінің толықтығы да белгілі болғанда компания шындығында көпшіл және ашық бола бастайды.Бәсеклестерден қауіптенбей, ақпараттың осындай ашыуына кемеліне келген, рынокта орныққан компаниялар ғана бара алады.
IPO-ны ойдағыдай өткізу компанияны танымал етеді, оның беделінің өсуіне жәрдемдеседі. Мұның өзі өз кезегінде оның қор рыноктарында ірі және қымбат емес қаржылық ресурстарға қолжетімділігі жоспарында оның мүмкіндіктерінің айтарлықтай өсуіне жеткізеді.
Әлемдік практикада компания IPO-ны жүргізу үшін қазіргі нағыз тәсілдемелерге негізделген корпоративтік басқарудың белгілі қағидаттарын сақтауға міндеттейтін нормалар бекітілген. Қазақстанда 2005 жылдың ақпанында прогрессивті әлемдік тәжірибені ескере отырып корпоративтік басқару кодексі бекітілген. Онда корпоративтік басқарудың негіз қалаушы қағидаттары айқындалған:1)акционерлердің құқықтары мен мүделерін қорғау қағидаты; 2)директорлар кеңесі мен атқарушы органның компанияны тиімді басқару қағидаты;3)компания қызметі ақпаратты ашудың ашықтығы мен объектілігінің қағидаттары;4)заңдылық пен әдеп қағидаттары;5)тиімді дивиденттік саясат қағидаттары;6)тиімді кадрлық саясат қағидаттары;7)қоршаған ортаны қорғау;8)корпаративтік жанжалдарды реттеу қағидаттары.
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа қазіргі жағдайларда инвесторлардың көзқарасы тұрғысынан барлық негізгі үдерістер жолға қойылған, сауатты менеджменті бар компанияларға, сонымен бірге тиімді маркетингтік стратегия жүргізетін компанияларға салынған жұмсалымдар нағыз пайдалы деп саналады.Инвесторлар өздерінің қаражаттарын салып қойған немесе салуға әзір компанияларға ақпарат ашылуының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін корпоративтік басқарудың жүйесін, корпоративтік шешімдер қабылдау үдерісіндегі ақиқаттықты көргісі келеді.
Инвесторларға керегі корпоративтік басқарудың негізгі рәсімдері бүкіл осы талаптарға жауап береді және тиісті түрде компанияның ішкі құжаттарында баянды етілуіі тиіс.Корпоративтік басқарудың кодексі де,есептік саясатта,ішкі аудит службасы туралы компанияның құрылымдық бөлімшелері туралы қағида да осыған бағытталған.
Корпоративтік басқару акционерлерге компания менеджментінің қызметіне тиімді мониторинг пен бақылауға мүмкіндік береді,бұл ішкі құжаттардың және ел заңнамасының талаптарын атқару деп түсініледі. Акционерлер қызметінің нәтижелеріне компания менеджментінің қандай жауапкершілігі барын,олардың дивиденттер алуға мүмкіндігінің бар-жоғын және шешімдер қабылдауға әсерін білгісі келеді.Компанияны таңдау кезінде тәуекелдерді бағалау және азайту мүмкіндігінің бары инвестор үшін маңызды. Қаражаттарды салу кезінде оларға корпоративтік басқару кодексінің, тәуелсіз аудиторлар растаған қызмет нәтижелері туралы жылдық есептің, шешімдер қабылдаудың және қызметті жүзеге асырудың негізгі рәсімдерін айшықтайтын ішкі құжаттардың болуын, сондай-ақ БАҚ-ты компанияның қаржылық көрсетткіштері туралы жарияланымдардың уақыттылығына орынды көңіл аударады. Инвесторларға олардың инвестицияларының қаншалықты тиімді пайдаланып жатқаны менеджердің қандай аса маңызды шешімдер (ірі мәмілелер, қайта құрылымдар, қосылыс және т.б)дайындап, қабылдайтын, және акционерлер бұл үдеріске қалай ықпал ете алатын туралы ақпаратты уақыттылы алып отыруы тиіс. Корпоративтік басқару қазіргі жағдайларда бірінші кезекке акционерлердің, соның ішінде миноритарийлердің – аздаған акциялардың иелері болып табылатын акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау проблемасын ұсынады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде азаматтардың әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын жақсарту басты басымдық болып келеді.
Мемлекет басшысы таяуда Үкімет пен «Самұрық-Қазына»ұлттық әл-ауқат қорына оның құрамына кіретін бірқатар компанияларда Халықтық IPO жүргізу міндетін қойды. Халықтық IPO қазақстандықтарды ел экономикасын дамытуға қатысуға тарту,оларға отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу есебінен өз әл-ауқатын арттыру мүмкіндігін беру үшін жүргізіледі.
«Самұрық-Қазына» қорының алдына қойып отырған негізгі мақсаты – Халықтық IPO-ны дайындау мен өткізу үдерісін барынша ашық және түсінікті, ал орналастыруға ұсынылатын акциялардың халықтың қалың тобы үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
IPO өткізу мақсаттары әрбір нақты жағдайға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте IPO мақсаты компанияға капитал тарту болып табылады, өйткені акцияларды жария орналастыру компанияға инвесторларды көптеп тартуға мүмкіндік береді. Келесі мақсат компанияның құнын бағалау болуы мүмкін, өйткені оның акцияларының капитал рыногындағы бағасы құнның ең объективті және нақты бағасын көрсетеді.
Халықтық IPO мемлекет халықты мемлекеттік компанияларды басқаруға тартқысы келген жағдайда өткізіледі. Мұндай бағдарламаларды Ұлыбритания (1980жылдар), Бразилия мен Польша (1990жылдар)іске асырды. Бұл ретте, әдетте, акцияларға қолжетімділік бірінші кезекте институттық және шетелдік инвесторларға емес, елдің азаматтарына беріледі.
Тұтас алғанда,экономикалық жағынан дамыған елдерде ірі компаниялардың басым көпшілігі IPO рәсімінен өтті және жеке тұлғалар да,сондай-ақ институттық инвесторлар да (зейнетақы қорлары және т.б.) сияқты акционерлердің кең ауқымына тиесілі. Осындай экономикалық үлгі іс жүзінде меншікке қоғамдық иелікті білдіреді және барынша тиімді әрі әділ болып табылады, өйткені тұтастай қоғамның да,оның жеке азаматтарының да мүдделеріне сәйкес келеді.
Өз қаражатын компаниялардың бағалы қағаздарына сала отырып,инвесторлар экономикалық өсімді қамтамасыз етіп,олардың дамуына жәрдемдеседі. Бұл ретте акционерлер компанияны басқаруға қатысады және акциялардың құны өскен жағдайда оларды иеленуден пайда табады, сондай-ақ пайдаға қатысады (дивидендтер түрінде).
Тіркелген пайыздық мөлшерлемелерді ұсынатын банк депозиттерімен салыстырғанда,акциялар бағаларының өзгеруі сыйақылармен де, тәуекелдермен де үйлесуі мүмкін және шығынсыздық кепілдемелері болмайды.
Акцияларды сатып алу жылдам пайдаға немесе жалпы пайдаға кепілдік бермейді. Кз келген қаржы рыногы, оның ішінде қор рыногы құбылмалы (бағалардың құбылуы) жағдайда болады. Бұл қандай да бір компанияның акцияларын сатып ала отырып, инвестордың барлық тәуекелдерді де сатып алатындығын білдіреді, өйткеі акциялардың құны көтерілуі де, сондай-ақ көптеген жағдайларға байланысты төмендеуі де мүмкін. Олардың қатарында компанияны тиімсіз басқару,елдегі ахуалдың өзгеруі болуы мүмкін, мұнда эмитент қызметті, дүлей апаттарды, эмитент-компания жүргізетін тауарларға арналған бағалардың құлауы және т.с.с. жүзеге асырады-яғни кез келген алдын-ала қиын болжанатын,алайда рынокқа белгілі бір әсері бар құбылыстар.
Сонымен бір мезгілде, компанияның табысты дамытқан, инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асырған кезде қолайлы рыноктық жағдайда акцияларды игеруден түскен кіріс депозиттік банктік салымға қарғанда тым жоғары болуы мүмкін.
IPO-ны тиімді жүргізудің маңызды шарттарының бірі компаниялардың акцияларына өз қаражатын салуды шешетін инвесторлардың мүдделерін есепке алу болып табылады. Осыған орай, IPO-ны дайындау және өткізу үдерісі өте жауапты және едәуір көп еңбек қажет болады, тәуелсіз консультанттарды тартуды талап етеді. Әдетте ол 6 айдан бір жылға дейін атқарылады.
Бірінші кезекте, капиталдың жария рыногына шыққан компания (мұндай компания «эмитент»деп аталады) тәуелсіз консультанттардың көмегімен өзінің қаржылық-шаруашылық жағдайын, ұйымдық құрылымын және активтер құрылымын, ақпараттық (оның ішінде, қаржылық) ашықтықты, корпоративтік басқару тәжірибесін және қызметтің басқа да қырларын талдайды.
Осы талдау нәтижелері бойынша компания оған IPO-ны табысты жүзеге асыруға кедергі келтіретін анықталған олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға ұмтылады. Осы іс-қимыл әдетте капиталдың жария рынокқа шығуы туралы шешім түпкілікті қабылданғанға дейін жалғасады.
Әдетте, акциялардың бастапқы орналастырылуы мыналарды тарта отырып жүргізіледі:
Андеррайтерлер және орналастыруды ұйымдастырушылар ретінде инвестициялық банктер немесе инвестициялық компаниялар;
Ұйымдастырушылар және немесе эмитенттердің консультанттары ретінде заң компаниялары;
Аудиторлық компаниялар;
Жұртшылықпен және инвесторлармен байланыс жөніндегі консультанттар рөліндегі комуникациялық агенттіктер.
IPO келешегігінің жойылған кемшіліктерін ескере отырып, егер алдын-ала тексерулер қорытындылары бойынша эмитент оң бағаланатын болса, онда IPO үдерісі жаңа кезеңге-дайындық кезеңіне өтеді, ол уақытта :
IPO қатысушыларының командасы іріктеледі, сауда алаңы, әріптестер (консультанттар, делдалдар, андеррайтерлер) таңдап алынады, олармен IPO іс-қимыл жоспары түпкілікті келісіледі.
Эмитент органдармен формалды шешімдер қабылданады,формалды рәсімдер сақталады және ресми құжаттар құрастырылады.
Инвестициялық меморандум жасалады – IPO шеңберінде (мысалы,акция үшін баға, акциялар саны,қаражатты пайдалну бағыты, дивиденд саясаты және т.б.) ұсынылатын акцияларды сатып алу туралы шешім қабылау үшін инвесторларға қажетті ақпаратты қамтитын құжат.
«Роудшоу»деп аталатын компания өкілдерінің әлеуетті инвесторлармен кездесулер сериясы іске қосылады,оларда компанияның тұсаукесері, оның қызметінің негізгі көрсеткіштері және акцияларды орналастыру сипаттамалары жүзеге асырылады. Тағы бір элемент, алдыңғы IPO-ны орналастыру туралы жария хабарландыру.
Жүргізілетін IPO және эмитент-компанияның өзіс туралы әлеуетті инвесторларды ақпараттандыру жөніндегі жарнамалық науқан өткізіледі.
Бұл іс-шаралар эмитент-компаниялардағы корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесін қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ компанияларды одан әрі дамытудың жай-күйі және келешегі туралы мейлінше толық ақпаратты инвесторарға ұсына отырып, әлеуетті акционерлердің мүдделерін қорғау үшін жүргізіледі.
Орналастыру туралы жария хабарланғаннан кейін қоса берілетін бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінімдерді жинау жүзеге асырылады, (егер ол алдын-ала белгілі болмаса) жария орналастырудың бағасы, өтінімдерді қанағаттандыру және қорытындылар жасу тәсілі анықталады.
Қорытындылаушы кезеңде өткен IPO табыстылығы түпкілікті бағалауды айқындайтын бағалы қағаздармен сауда-саттық басталады.
Осылайша,эмитент компанияның бағалы қағаздарының жасалған бастапқы көпшілікке ұсыныс нәтижесінде сатып алушы акционерлердің пайдасына өтуі бірқатар іс-қимылдар мен рәсімдердің қорытынды сатысы болып табылады, ол эмитент рынокқа ұсынылған бағалы қағаздарды барынша тиімді сату мақсатында жасалады.
Қайталама рынок eкi бөлiктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжaттapынa сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржылық құралдардың айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер қаржылық құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжaттapындa мәмiле объектiне және оның қатысушыларына белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бiрыңғай орталық жоқ, мәмiлелердi олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргiзедi. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелiнген, ал ұйымдастырылмaған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер, негізінен параметрлері биржада тіркеу үшін оларға қойылатын критерийлерге сәйкес келмейтін жаңа компаниялар мен корпорациялардың бағалы қағаздары бойынша жүргiзiледi. Алайда бұл биржадан тыс рынок қатысушыларын жауапкершіліктен босатпайды.
Бұдан басқа, қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлерi бойынша: акциялар, облигациялар және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсiпорындардың бағалы қaғаздар рыногы, мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийi бойынша: ұлттық, халықаралық, өңірлік; мезгiлдерi бойынша: қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздардың рыногы; мәмiлелердiң түрлерi бойынша: кассалық, форвардтық және т.б.; салалық критерийi бойынша.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi оның инфрақұрылымы жүзеге асырады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы қаржы рыногының дамыған инфрақұрылымы бар, ол өзiне төлем жүйелерiн, Қазақстан қоp биржасын (КASE), Банкаралық есеп айрысудың Қазақстан орталығын (БEҚO), Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сaқтay орталығын кiрiктiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет