ҚЎлпыбаев с


Бағалы қағаздар рыногының



бет249/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

21.4. Бағалы қағаздар рыногының
қатысушылары


Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары бағалы қағаздар эмитенттері, инвесторлар және инвестициялық делдалдар болып табылады. Олар бұл рыноктың құрылымын қалыптастырады.
Эмитент деп эмиссиялық бағалы қағаздар шығаратын заңи тұлғаны, мемлекеттік органды немесе жергілікті әкімшілік органды және бағалы қағаздарды иеленушілердің алдында олар бойынша міндеттемелерді алып жүретінді айтады.
Инвесторлар – өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрaмындa бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру үшiн өздерi тapтқан қаржыны пайдаланушы субъектiлер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестиция­лық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметiнiң сипатына қарай айтарлықтай ақшалай қаражаттар жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын берiледi.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлiгi арқылы бағалы қағаздар рыногында инвестор ретiнде ic-қимыл жасайды.
Бағалы қағаздар рыногының инвестициялық делдалдары – бағалы қағаздар­дың бастапқы эмиссиясы кезінде де, сондай-ақ оларды қайта сату кезінде де эмитенттерден инвесторларға бағалы қағаздардың жылжытылуын қамтамасыз ететін арнаулы ұйымдар – инвестициялық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік және дилерлік кеңселер, консалтингтік фирмалар, бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестірін жүргізу, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша өзара есеп-қисаптар жөніндегі арнаулы ұйымдар (депозитарийлар, кастодиумдар, клирингтер, тәуелсіз реестр ұстаушылар).
Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары – өз қызметiн акционерлiк қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби өкiлдерiне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.
Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi заңдарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген ақшалай және қаржылық құралдар бұл қызметтiң объектiлерi болып табылады.
Орталық депозuтарuй – негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлiк қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарийдiң акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдapы арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсiпқой қатысушылары, сондай-aқ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депонентгерi болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметгi жүзеге асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.
Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызмет­тi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнiнде қызмет көрсететін кәсiпқой қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бiрге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тipкeyгe әзiрлiк жүргiзедi және бағалы қағаздар рыногында оларды жүзеге асыру кезiнде эмитенттiң мүдделерiн бiлдiредi.
Андеррайтер уәкілетті органнан тиісті түрде лицензия алған кез келген заңи тұлға болуы мүмкін, яғни ол инвестициялық компания немесе инвестициялық банк болуы мүмкін. Бұл заңи тұлға инвесторға эмитенттің бағалы қағаздардың шығарылымын сатып алуға ұсынады. Бағалы қағаздар рыногындағы андеррайтингті андеррайтерлер тобы, яғни алдын ала келісімде белгіленген баға бойынша бағалы қағаздардың жаңа шығарылымын сатуды қамтамасыз ету үшін аз уақытқа құрылған инвестициялық банктер және/ немесе инвестициялық компаниялар тобы жүзеге асыруы мүмкін. Андеррайтерлер синдикатын жетекші андеррайтерлер басқарады. Жетекші андеррайтер бағалы қағазды орналастыру бойынша синдикат ұйымдастырады, эмитентпен байланыс ұстайды және орналастырылған қағаздарға есеп жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет