ҚЎлпыбаев с



бет250/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қоp биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы. Бұл ұйымының акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржылық құралдармен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар арасында орналастырылады. Қор биржасының әрбiр акционерiнiң өзiне тиесiлi акциялардың санына қapaмaстaн оның акционерлерінің жалпы жиналысында бiр ғанa дауысы болады.
Бағалы қағаздар рыногының бiрсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретiнде болатын заңи тұлғалар, соның iшiнде инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлерi, инвестициялық консультанттар құрайды.
Қаржы делдалдарының сипатына қарай бағалы қағаздар рыногының үш моделі болады: банктiк емес, банктiк және аралас. Қазақстанда аралас модель пайдаланылады: бағалы қағаздар рыногында банктiк емес компаниялар да, банктер де делдалдар бола алады.
Бағалы қағаздар рыногында инвестициялық қорлар өзгеше жағдайда болады. Олар инвесторлардың ақшасын жұмылдыру және оларды қоp атынан бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоттарына және салымдарға жұмcay мақсатымен акциялар шығарады; бұл ретте мұндай жұмсаумен байланысты барлық тәуекелдер, бүкiл табыстар мен зияндар осы қор иелерiнiң (акционерлердiң) есебiне жатқызылады және олар қоp акцияларының ағымдағы бағасын ізгерту есебiнен iскe асырылады. Инвестициялық қоp тек акционерлiк қоғaм нысанында құрылуы мүмкін. Инвестициялық қорлар қоp түpiнe қарай белгілі бір мөлшерлерде жарғылық қорларды қалыптастырады.
Инвестициялық қордың инвестициялық қызметі акционерлік инвестициялық қордың тиісті лицензиясы болуы кезінде дербес немесе қордың басқарушы компаниясының осы қор пайларының акционерлері мен ұстаушыларының табыстар алу және инвестициялау кезінде тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ету мақсатымен активтерді инвестициялау болып табылады.
Инвестициялық қоp қызметiн айқындайын құжат инвестициялық мағлұмдама болып табылады. Ол инвестициялаудың мақсаттарын, стратегиясын, бағыттарын, инвестициялық қоp қызметiнiң бағалы қағаздар портфелiн әртараптандырудың нормаларын анықтайды.
Акционерлермен өзара қатынастарына қарай инвестициялық қорлар өзара қорлар – заңнамамен белгіленген баға бойынша және шарттарда қор акционерлерінен айналысқа шығарылған акцияларды төлеп алуға міндетті ашық инвестицциялық қорлар және инвестициялық компаниялар – қор акционерлерінен айналысқа шығарылған акцияларды төлеп алуға міндетті жабық инвестициялық қорлар болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) акционерлік инвестициялық қор;
2) пайлық инвестициялық қор.
Акционерлік инвестициялық қор – қызметінің айрықша түрі заңнама және оның инвестициялық мағлұмдамасы талаптарына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлемге салған ақшаларды, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді шоғырландыру және инвестициялау болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор – үлестерді ұстаушыларға жалпы үлестік меншік құқығында жататын және басқарушы компанияның басқаруында болатын, үлестерді төлеуге арналған ақшалардың, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге активтердің жиынтығы. Ол ашық межелдемелік (интервалдық) немесе жабық нысандарында құрылуы мүмкін.
Трансфер-агенттік қызмет бағалы қағаздар рыногында клиенттер арасында құжаттар мен ақпаратты қабылдау және беру мақсаттарында жүзеге асырылады. Трансфер-агенттер алған клиенттерге беру үшін және берілетін құжаттарды тіркейді және есеп жүргізеді.
Жоғары ұйымдастырылған қаржы рыногының дамуына бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларының –ассоцациялар мен бірлестіктер ұйымдары мүмкіндік туғызады.
Ашық және межелдемелік инвестициялық қорлар олардың пайларды ұстаушыға басқарушы компаниядан заңнамамен және инвестициялық қордың ережелерімен белгіленген жағдайларда, шарртарда және тәртіппен, бірақ ашық қорда екі аптада бір реттен және межелдемелік қорда бір жылда бір реттен кем емес, алу құқығын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет