ҚЎлпыбаев с



бет261/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

22.3. Сыртқы экономикалық
қызметті салықтық реттеу


Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бұл жерде әңгіме кәдуілгі салықтар, сондай-ақ арнаулы – бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кедендік баждар (экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр.
Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.
Кедендік кодекс кедендік аумақтың, кедендік баждардың және кедендік алымдардың бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы өту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кедендік саясатты жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.
Кедендік тариф ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді. Кедендік тариф кедендік баждар мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кедендік аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 1 шілдесінен Кедендік одаққа кірумен байланысты енді бірыңғай кедендік тариф пен кедендік баждар қолда­нылып, кедендік-тарифтік реттеу өзгерді.
Кедендік төлемдер мен салықтарға:
1) кедендік әкелім бажы;
2) кедендік әкетілім бажы;
3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;
4) Кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік мағлұмдамалау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кедендік төлемдердің басты түрлерінің бірі кедендік баждар – ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кедендік тарифте қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар (22.2 кестені қараңыз). Әкелім, әкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, қолдампаздық, (протекционистік) пұрсаттылықтық (преференциалдық) кедендік баждарды ажыратады. Қазақстанда импорттық (әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады. 2008 жылдан Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға кедендік баждар енгізілген.
Отандық практикада баж салығының адвалорлық, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық – салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген; айрықшалықты – заттай көрінісіндегі массасы, көлемі немесе өзге сипаттамаларына қарай белгіленген; құрамдастырылған – салық салудың екі түрінің ұштастырылған жолымен есептелінетін мөлшерлемелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет