ҚЎлпыбаев с


Инфляцияға қарсы саясат шаралары



бет269/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

23.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жоюға және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.


Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шара­лардың кешенін жүргізу.
Инфляцияны жою жөніндегі шаралар кешені қоғамның жұмыс істеуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына ықпал етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақшалай және фискалдық саясатты пай­даланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістерімен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:
1. Орталық банктің қолма-қол ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының көлемін азайту.
2. Барлық кредиттік ресурстарды қымбаттату және оларға қолжетімділікті азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
3. Кредиттік мультипликаторды қысуға және коммерциялық банктердің кредиттік экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттардағы Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.
2004 жылдан Қазақстанда Ұлттық банк қызметінің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып қабылданған.
Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін жауапкершілікті күшейту жағдайларында Ұлттық банк инфляциялық үдерістердің негізгі бағыттарын бейнелеп көрсететін «базалық инфляция» индексін негіздей отырып, инфляция бойынша бағаларды бейнелейді. Трансмиссиялық механизмнің моделі негізгі оперативтік көрсеткіштің ықпалымен базалық инфляцияның өзгерісін бағалауға мүмкіндік береді, мұндай көрсеткіш ретінде репо операциялары бойынша мөлшерлеме қабылданған. Мұндай модель инфляция бойынша міндеттемелерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді және жүргізіліп отырған ақшалай-кредиттік саясатқа сенімді арттыруға жәрдемдеседі.
Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынандай ірі проблемаларды шешу міндеті тұр:
ашық рыноктық операцияларды кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;
өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;
трансмиссиялық тетіктің моделін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын моделді әзірлеу;
инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.
Инфляциялық таргеттеуге көшу Ұлттық банктің өзінің ресми мөлшерлемелерінің реттеуші рөлін күшейтуді шамалайды. Ашық рыноктық операциялармен өтемпаздықты реттеуді ұлғайту жөніндегі шаралар, сонымен бірге бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамытуға жәрдемдесу жанданады. Ұлттық банктің бағалы қағаздар портфелі мен жаңа қаржылық құралдар өседі, мұның өзі Ұлттық банктің реттеуші мүмкіндіктерін көбейтуге және қаржы рыногының икемділігін арттыруға жәрдемдеседі.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Инфляцияға қарсы салықтық саясат инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қарама-қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс: біріншіден, мемлекеттік бюджетті теңестіруге жету және оның тапшылығын жою үшін бюджет кірістерінің деңгейін көтеру керек; екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында – өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет. Инфляцияға қарсы салықтық саясат жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеліп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын табыс пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет