ҚЎлпыбаев с


-кесте. Кедендік баждардың түрлері



бет262/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

22.2-кесте. Кедендік баждардың түрлері



Алу әдісі бойынша

Айрықшалықты

Адвалорлық

Құрамдастырылған

Салық салу объекті бойынша

Импорттық

Экспорттық

Транзиттік

Сипаты бойынша

Маусымдық

Демпингке қарсы

Өтемділік

Шығарылған жері бойынша

Дербес

Конвенциялық

Пұрсаттылықты

Мөлшерлемелердің тұрпаттары бойынша

Тұрақты

Ауыспалы

-

Есептеп шығару әдісі бойынша

Атаулы (номиналдық)

Тиімді

-

Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ Кедендік кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады.


Кедендік алымдарға:
1) тауарларды кедендік мағұлымдамалау үшін кедендік алымдар;
2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар;
3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады. Кедендік алымдардың мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауы тиіс.
1996 жылға дейін Қазақстанда экспорттық баждар жұмыс істеді. Экспорттық кедендік баждар Үкімет анықтайтын тізбе бойынша тауарлардың жеке түрлеріне салынды. Экспорттық баждар меншік нысанына және тіркеу орнына қарамастан заңи тұлғалардан, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаратын жеке тұлғалардан өндіріп алынды. Экспорттық баждарды шетелдік валютада экспорттаушылар төледі және тауарлар мен қызметтер көрсетудің кеден құнына есептеледі. Бартерлік (тауар айырбасы) операциялары бойынша тауарлардың әкетілімі кезінде баждың мөлшерлемесі сақталады. Экспорттық кедендік баждар көптеген мемлекеттерде қолданылады және сыртқы сауда айналымының, әлемдік рыноктардағы тауарлар бағасының, олардың бәсекеге жарамдылығының шынайы реттеуіші болып қалуда және жалпы бұл рыноктардың конъюнктурасына әсер етеді. Экспортты ынталандырудың іс-шарасы ретінде 1996 жылы олардың күші жойылғаннан кейін олар 2008 жылғы мамырдан экспортқа рента салығының мөлшерлемелерін бір мезгілде арттырумен шикі мұнай экспортына қайта өндіріледі.
Экспорттық кедендік баждардың экономикалық мәні – абсолюттік рента. Оны шетелдік сатып алушы төлейді. Экспорттық баждарды кемітіп көрсету немесе күшін жою жағдайындағы абсолюттік рентаны меншіктенуші – өнім өндіруші ішкі бағаларды өсіру арқылы ішкі тұтынушылардың табыстары есебінен төлейді. Экспорттық кедендік баждардың төмендетілген деңгейі әлемдік рынокта табиғат ресурстарын ысыраппен өткізуге, ал көтеріңкі деңгейі бұл рынокта ресурстарды өткізудегі қиындықтарға байланысты өндірістің төмендеуіне әкеледі.
Төлемнің бұл түрі әлемдік қаржылық дағдарыстың нағыз қызған кезінде 2009 жылдың басында іс-жүзінде жойылды. Ол кезде экспортшылар мұнай мен оның басты компоненттерінің әкетілімі үшін бірнеше рет кем төлей бастады.
2010 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі мұнайға және мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баждың әрекетін жаңғырту туралы қаулы қабылдады. Оған сәйкес мөлдір мұнай өнімдеріне баждың мөлшері 1 тоннаға 98,13 долларды, күнгірт түсті мұнай өнімдеріне – 65,42 долларды, шикі мұнайға – 20 долларды құрайды. Баж мөлшерлемелері мұнайдың әлемдік рыногындағы орташа бағалар туралы ай сайынғы ақпарат негізінде тоқсан сайын есептеліп отырады. Енді кедендік баж тіркелген болуынан және күмірсутек шикізатына әлемдік бағаға байланысты болады.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, елдің импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтен мемлекеттік бюджеттің кірістерін көбейту мақсатымен Қазақстанда импорттық кеден тарифі енгізілген. Импорттық кедендік тариф қарастырған кедендік баждар импорттық тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген және теңгемен (Ұлттық банк белгілейтін теңгенің бағамы бойынша кедендік құнды қайта есептей отырып) немесе импортердің таңдауы бойынша еркін айырбасталымды валютамен төленеді.
Тауардың кедендік құны – кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға. Оған фактура-шотқа сәйкес тауардың бағасы, сондай-ақ фактура-шотқа көрмеген нақты шығыстар (кеден шекарасын басып өту бекетіне дейін тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу және сақтандыру бойынша шығыстар; комиссиялық, брокерлік және бір қатар басқа шығыстар) кіріктіріледі.
Тауарлардың әр алуан түрлері үшін тариф мөлшерлемелерін белгілеу кезінде сараланған тәсіл қарастырылған: төмен мөлшерлемелер – көпшілік қолды тауарлар үшін және неғұрлым жоғары мөлшерлемелер – болымсыз тауарлар үшін.
Импорттық кедендік баждардың жүйесі ұлттық өндірісті шетелдік өнім экспансиясынан қорғайды: отандық тауарлармен бәсекелесетін тауарларға жоғары импорттық баждар, жоқ немесе ел ішінде жеткіліксіз көлемде өндірілетін тауарларға төмен баждар салынады. Бұл қағидат бір мезгілде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі мемлекеттің фискалдық мүдделерін қамтамасыз етеді.
Маусымдық кедендік баждар тауарлардың әкелімі мен әкетілімін оперативтік басқару үшін қолданылады; бұл баждардың әрекет ету мезгілі төрт айдан аспайды.
Арнаулы кедендік баждар мынадай жағдайларда қолданылады:
елге тауарлардың әкелімі осындай немесе оған ұқсас тауарлардың отандық өндірушілеріне зиян шектіретін немесе зиян шектіретін қауіп төндірсе;
бұл елдің мүдделерін бұзатын сыртқы экономикалық байланыстар қатысушыларына қатысты ескерту шарасы ретінде немесе адал емес бәсекені тыю шарасы ретінде;
елдің, оның тараптарының басқа мемлекеттердің мүдделеріне нұқсан келтіретін дискредициялық немесе өзгедей әрекеттеріне жауап шарасы ретінде.
Демпингке қарсы баждар экспорт еліндегі бәсекелестік бағаға қарағанда ай­тарлықтай неғұрлым төмен бағалар бойынша тауарларды ел аумағына әкелім және мұндай әкелім осындай немесе оған ұқсас тауарлардың отандық өндірушілеріне зиян шектіретін немесе зиян шектіретін қауіп төндірсе қолданылады.
Өтемдік баждар мынадай жағдайларда қолданылады:
тауарлар әкелімі кезінде, оларды өндіру немесе экспорты кезінде демеуқаржы пайдаланылса және мұндай әкелім осындай немесе бәсекелестік тауарлардың отандық өндірішілеріне зиян шектіретін немесе зиян шектіретін қауіп төндірсе;
елдің кеден аумағы шегінен тауарлар әкетілімі кезінде, оларды өндіру кезінде тура немесе жанама түрде демеуқаржы пайдаланылса және егер мұндай әкетілім осы елдің мүдделеріне зиян тигізетін немесе зиян шектіретін қауіп төндірсе.
Қазақстанда кедендік ресімдеу үшін алым алынады.
Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және оның кеден заңнамасында белгіленген басқа жағдайларда бұрын кедендік баждардан басқа кедендік төлемдердің мынадай түрлері төленді:
1) тауарларды сақтау үшін кедендік алым;
2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы;
4) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру алымы;
5) алдын ала шешім үшін төлемдер және т.б.
Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік төлемдерді алудың тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік мағлұмдамаға сәйкес тауарларды кедендік бақылауға ұсынған кезде төлемдерді төлеуді тексереді.
ТМД мемлекетінде өнім жеткізілімі үшін кедендік баждарды төлеу қолданыс­тағы заңнамаға және осы елдермен жасасқан үкіметаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Кедендік баждар немесе оның орнына қолданылатын импорт салығы еркін көтерме (сату) бағаның құрамды бөлігі болып табылады (бұлардан басқа баға тауарлардың фактуралық құнын, тауарларды сатып алу және шекараға дейін жеткізу бойынша шығыстарды, сыртқы экономикалық және басқа ұйымдарға сыйақыны кіріктіреді). Бұл ретте импортталатын тауарларға ҚҚС және акциздер салынады. Бұл тауарларға сауда үстемелерін кіріктірумен еркін бөлшек сауда бағалары қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет