ҚЎлпыбаев с



бет265/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

22.5. Елдің төлем балансы

Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында бейнелеп көрсетіледі.


Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің әлемнің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді кіріктіреді:
ағымдағы шот (сауда балансы);
капиталмен және қаржылармен операциялардың шоты (күрделі шот), қателер мен рұқсатнамалар, жалпы баланс; қаржыландыру (соның ішінде резервтік актив­тер).


22.3 кесте. 2007–2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының жиынтық төлем балансы(миллион АҚШ долларымен)



ШОТТАРДЫҢ АТАУЫ

2007

2008

2009

2010

1

2

3

4

5

А. АҒЫМДАҒЫ ШОТ

-8226,39

6978,13

-3404,66

4318,98














Сауда балансы

15090,95

33518,85

15187,26

28881,45

Экспорт

48351,14

71970,81

43961,11

60837,93

Импорт



-33260,18

-38451,97

-28773,85

-31956,48

Қызметтер балансы

-8071,81

-6615,75

-5800,19

-7053,08

Экспорт

3554,99

4382,97

4265,81

4244,64

Импорт



-11626,81

-10998,72

-10065,99

-11297,71

Табыстар балансы

-13085,99

18940,38

-11891,65

-17074,75

Тартылған қарыздар мен кредиттер бойынша сыйақы төлемдері

-3498,44

-3873,47




-1686,92

Тура инвесторлардың табыстары

-11245,08

-16623,85

-10224,25

-15351,52

Резевтер бойынша сыйақы

745,67

422,64

205,32

250,85

ҚР Ұлттық қорының резервтері мен активтері бойынша сыйақы

715,45

766,46

615,60

576,90

Басқадай (нетто)

196,40

367,83

507,73

-864,07

Ағымдағы трансферттер

-2159,53

-984,59

-900,09

-434,65

В. КАПИТАЛМЕН ЖӘНЕ ҚАРЖЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ШОТЫ



8366,27

1219,24

7188,74

-990,76

Капиталмен операциялардың шоты

-37,57

-41,52

-29,47

7888,18

соның ішінде мигранттардың трасферттері

-11,18

-31,58

-60,87

-10,76

Қаржылық шот

8403,84

1260,76

7218,21

-8878,94

Тура инвестициялар

7974,86

10731,53

9525,70

2155,13

Қаржыландыру (нетто-игерілген)

13622,55

16367,10

15622,28

9575,48

Өтелгені

-5647,69

-5635,57

-6096,58

-7420,34

Портфелдік инвестициялар

-4583,09

-9475,37

3074,66

8712,05

соның ішінде Үкіметтің еуробондары

-366,61

157,25

0,00

0,00

Туынды қаржылық құралдар (нетто)

11373,55

4384,09

56,82

12,96

1

2

3

4

5

Басқа орта-және ұзақ мерзімді инвестициялар







-3188,47

-8948,82

Сауда кредиттері

-207,89

43,10

48,46

-311,49

Үкімет кепілдендірген кредиттер

-53,39

-22,16

-23,41

-175,09

қаржыландыру (игеру)

56,31

44,13

34,60

13,88

борышты өтеу (есептеу)







-58,01

-188,97

Басқалары (нетто)

109,70

-66,29

-71,87

-136,40

Қарыздар

-154,50

65,26

-3777,63

-8636,31

ҚР Үкіметінің тартқан қарыздары

11772,21

4436,20

608,96

1425,23

қаржыландыру (игеру)







682,75

1507,12

борышты өтеу (есептеу)

-56,64

24,71

-73,78

-81,89

Басқалары (нетто)

104,58

90,32

-4386,59

-10061,54

Басқадай (нетто)

-161,22

-65,61

540,70

-1,02

Басқадай қысқа мерзімді капитал

11828,85

4411,49

-2250

-10810,26

С. ҚАТЕЛЕР МЕН РҰҚСАТНАМАЛАР

-190,77

-95,21

-1322,29

1406,53

D. ЖАЛПЫ БАЛАНС







2461,78

4734,75

Е. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

-5994,87

-4536,73

-2461,78

-4734,75

ҚР Ұлттық банкінің резервтік активтері

-3168,55

-6025,94

-2461,78

-4734,75

ХВҚ кредиті

-3028,66

-2171,44

0,00

0,00



Ағымдағы шот мыналарды бейнелеп көрсетеді: тауарлармен операцияларды – экспорт пен импортты; қызметтерді – жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгіліктік көмек; техникалық жәрдемдесу; гранттар.
Кейде қызметтер факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын – еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар; капиталдан түсетін табыстар, дивидендтер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.
Капиталмен және қаржылармен операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфелдік инвестицияларды, мигранттардың (жылыстау және құйылым) трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды (депозиттерді, валютаны және т.б.) бейнелеп көрсетеді.
Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың активтік шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.
Жалпы баланс бұрынғы үш бөлімнің жиынын білдіреді.
«Қаржыландыру» бөлімі бұрынғы бөлімдерді: ағымдағы операциялардың, капиталмен операциялардың шоттарын, қателер мен рұқсатнамаларды теңдестіреді.
Қателер мен рұқсатнамалар «көлеңкелі бизнесті» қоса алғанда, бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.
Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды кіріктіреді; басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады.
Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар емес, қаражаттардың ағыны,олардың кезең ішіндегі өзгерісі бейнелеп көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды, соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі (Қазақстанда – АҚШ долларында). Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу, оларды жасау, трансформациялау, айырбастау, аудару немесе өтеу, меншік иесінің (резиденттің немесе бейрезиденттің) аусымы мезетінде жүргізіледі.
Операциялар қосарлы жазба жүйесі бойынша – дебет және кредит бойынша екі мөлшер теңдігімен, бірақ қарама-қарсылық белгілермен бейнелеп көрсетіледі. Кредит жазбаларының сомасы дебет сомасына тең болуы тиіс, ал таза баланс нөлге тең болады. Бұл ретте ағымдағы операциялардың шотындағы оң сальдо (кредит жазбаларының асып түсуі) тауарлар мен қызметтерді көрсетудің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсуін білдіреді; теріс сальдо (дебет жазбаларының асып түсуі) тауарлар мен қызметтер көрсетудің импортын, табыстар мен трансферттерді төлеуді білдіреді. Күрделі шотта оң мөлшер бейрезиденттер алдында міндеттемелердің өсуін және резиденттер тарапынан бейрезиденттер талаптарды қысқартуды сипаттайды; теріс мөлшер бейрезиденттер алдында елдің міндеттемелерінің қысқаруын және резиденттер тарапынан бейрезиденттерге талаптың өсуін білдіреді. Жиынтық төлем балансының жайғасымдары 22.3 кестеде көрсетілген.
Төлем балансының жай-күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен айқындалады. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттің іс-қимылдарының аса маңызды мақсаты тауарлар экспорты мен факторлық және факторлық емес қызметтер көрсетуді ұлғайту есебінен төлем балансын сауықтыру болып табылады. Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушының орнына «өндіруші тұрпатындағы» экономика арнасына қайта бағдарлау жөнінде едәуір күш жұмсауды және шикізат өндіруші сектордың экспорттық әлуетін ғана емес, сонымен бірге өндірістің кейінгі технологиялық өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді.
Әлемдік рыноктағы бағаның тұрақтануы 2009 жылдың екінші жартысынан бастап тауар экспортының және сауда балансы профицитінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді. 2008 жылы Қазақстан Республикасының төлем балансының профициті 6,6 миллиард АҚШ долларын құраса, 2009 жылы ол 2,8 миллиард доллар, 2010 жылы 4,9 миллиард болды.
2009 жылы елімізге тауар импорттау 2008 жылмен салыстырғанда 25,2%-ға төмендеді. Сонымен бірге өткен жылы импорт көлемінің сандық мөлшері бір мезгілде жасалған девальвация әсерінен 15,4%-ға төмендеді.
Айрықша қаржыландыру – төлем балансының теріс сальдосын, қаржы­ландырудың айрықша қиындықтарына байланысты бұл сальдоны дәстүрлі құралдармен қаржыландыратын деңгейге дейін төмендету мақсаттарында елдің шетелдік әріптестерінің келісімі мен қолдауы кезінде оның жүргізетін операциялары.
Айрықша қаржыландыру жөніндегі операциялар төлем балансының кез келген баптары бойынша өтуі мүмкін және әдеттегідей жекелеген топқа оқшауланбайды. Бұлардың оң мәнділері мыналар: борыштың күшін жою; берешекті акцияларға айырбастау; төлем балансын реттеу үшін қарыз алу; берешекті қайта ресімдеу, берешек бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу.
Мемлекеттік органдар валюта бағамын немесе пайыздық мөлшерлемелерді қаражаттандыру жолымен көтермелейтін үкімет пен орталық банктен басқа, экономиканың басқа секторларының шетелден қаражаттар тартуды да төлем балансын айырықша қаржыландырудың әдісі деп саналады.
Төлем балансы, жоғарыда көрсетілгендей, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы нақты және қаржылық ресурстардың ағындарын бейнелеп көрсетеді. Қаржылық ресурстардың халықаралық қозғалысы нәтижесінде пайда болатын босалқы қорлар халықаралық инвестициялардың балансында тіркеледі. Халықаралық инвестициялар балансы – төлем балансынан туындайтын статистикалық есеп, ол сыртқы қаржылық активтер мен елдің міндеттемелерінің қордаланған босалқы қорларын көрсетеді.
Іс жүзінде халықаралық инвестициялар балансы дегеніміз төлем балансының қаржылық шоты, оның активтері мен пассивтері мына сызба бойынша құрылған: кезең басындағы босалқы қорлар – операциялар – бағалар өзгерімі – валюта бағалараның өзгерімі – өзге түзетімдер – жыл аяғындағы босалқы қорлар.
Инвестициялық жайғасым – қарастырылып отырған кезең бойына орын алған қаржылық операциялардың, құндық өзгерімдердің және басқа түзету жасау рәсімдерінің жиынтығын бейнелейтін белгілі бір кезеңнің соңындағы және елдің сыртқы активтері мен пассивтерінің мөлшерін анықтайтын халықаралық инвестициялар балансы.
Елдің жиынтық сыртқы активтері мен пассивтерінің айырымы оның таза инвестициялық мөлшерін береді.
Таза инвестициялық жайғасым – елдің қолындағы халықаралық қаржылық ресурстар және оның басқа елдер алдындағы берешегі арасындағы ара салмақ..
Таза инвестициялардың қосалқы қорлары тура инвестициялары бар кәсіпорындар есептемесінде көрсетілетін олардың ағымдағы рыноктық баланстық құны негізінде анықталады. Портфелдік инвестициялардың қосалқы қорлары есептік кезеңнің белгілі бір күніне рынокта қалыптасатын ағымдағы бағалар бойынша есептеледі. Таза инвестициялық жайғасым негізінде елдің шетелдік активтер мен пассивтерге оның таза инвестициялық табысының бірқатар елдерде бюджеттің кіріс бөлігінің және төлем балансының ағымдағы шотының ірі бабы болып табылатын деңгейін шамалап бағалауға болады. Шет жақтан түсетін инвестициялық табысты негізінде дөрекі бағалау осы елдің таза шетелдік инвестицияларының көлемін бағалау негізіне және өткен жыл ішінде осындай активтер бойынша басым орташа пайыздық мөлшерлемеге негізделуі мүмкін. Әдетте «Либор» мөлшерлемесі және плюс 1-1,5 пайыздық тармақтық мөлшеріндегі сыйлықақы пайдаланылады. Алайда, таза инвестициялық жайғасым мысалы, алғашқы жылдары дивидендтер әдетте акционерлік капиталға жұмсалынған инвестициялар сомасынан аз болуы нәтижесінде теріс болғанмен егер сыртқы пассивтер бойынша төлемдерге қарағанда сыртқы активтерге табыстардың нормасы артық болса, таза инвестициялық табыс оң болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет