ҚЎлпыбаев с



бет266/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Сыртқы экономикалық сфераға қызметтің қандай түрлері жатады?
2. Қазақстандағы экспорттық-импорттық операциялардың ерекшеліктері неде?
3. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартуда қандай проблемалар бар?
4. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірумен байланысты Қазақстанда қандай проблемалар пайда болады?
5. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу үшін қандай әдістер қолданылады?
6. Валюта бағамы әрекетінің механизмін баяндаңдар.
7. Сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігіне салықтар қалай әсер етеді?
8. Кедендік баждар дегеніміз не, олардың қандай түрлері болады және маңызы қандай?
9. Кеден ісіндегі кедендік баждар мен мөлшерлемелердің түрлерін атап шығыңдар.
10. Мемлекеттің валюталық ресурстары қалай қалыптасып пайдаланылады?
11. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық ресурстары қалай қалыптасып,
пайдаланылады?

12. Елдің төлем балансы дегеніміз не және оны нығайту үшін қандай шаралар қажет?

23-тарау. Қаржы және инфляция


23.1. Инфляцияның табиғаты және оның
қаржымен өзара байланысы

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Ол тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.


«Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының («гринбергтердің») қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толы кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі; ақшаның сатып алу жарамдылығының төмендеп кетуі. Демек, инфляция – бұл тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы және әркелкі өсуінде көрінетін ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады. Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді: белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың көлемдері; мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің мөлшерлері.
Тұтас алғанда қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігі, оның институттары жұмысының жөнге салынғандығы ақша айналымының жылдамдығына, ақша айналысының жай-күйіне ықпал етуі мүмкін.
Ыңғайласпа материалдық баламаны ұйғармайтын мемлекет қаржысының сферасындағы қаржылық қатынастардың өзіндік ерекшелігі алдымен инфля­цияның туу мүмкіндігінің негізін қалайды. Қаржылық дағдарыс мемлекет шығыстарын, әсіресе өнімсіз шығыстарды көбейтудің қажеттігі бұл мүмкіндікті нақты болмысқа айналдырады.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндірістік үдерістің қарама-қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополиялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттің қаржылық дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредиттік құралдардың өсуі және басқалары жатады.
Әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, валюталық дағдарыстар), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюталық саясат, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көп факторлы үдеріс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдақ ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Қаржы мен инфляция өзара байланысты әрі өзара тәуелді болып келеді (23.1 сызбаны қараңыз). Қаржы инфляциялық үдерістердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржылық қатынастарға әсер етеді.
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржылық ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. Қаржылық қатынастар мен инфляциялық үдерістердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйеде келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржылық қатынастардың оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.



Инфляция бағалардың индексімен өлшенді: қазіргі кезеңнің тұтыну арналымының тауарлар мен қызметтер жинақтылымының бағалары сомасының қатынасымен және базалық кезеңнің осындай жинақталым бағаларының сомасымен (салыстыру үшін тауарлардың қолайлы жинақталымы таңдап алынуы мүмкін). Барлық тауарлар бағаларының динамикасы бағалардың жалпы жиындық индексімен өлшенеді; өлшеу үшін сондай-ақ бағалардың топталған индекстері пайдаланылады, мысалы, көтерме бағалар индекстері. Инфляция қарқынының көрсеткіші есептік және базалық кезеңдердің инфляциясы индекстерінің ара қатынасымен өлшенеді.


Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990ж –1; 1992ж –2,5; 1993ж –30,6; 1994ж –22,7; 1995ж –1,60; 1996ж –1,39; 1997ж –1,17; 1998ж –1,07; 1999ж –1,18; 2000ж –1,13; 2001ж –1,06; 2002ж –1,07; 2003ж –1,068; 2004ж –1,069; 2005ж –1,075; 2006 ж. – 1,086; 2007 ж. – 1,108; 2008 ж. – 1,17; 2009 ж.-1,073; 2010ж.-1,071.
Егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50 пайызды құраса, (немесе аптасына 11,5 пайыз) әлемдік практикада көпшілік таныған деп саналады, онда мұндай деңгей әсіреинфляцияға сәйкес келеді.Сөйтіп,Қазақстанда бұл деңгей 1992-1995жж.ішінде айтарлықтай асып түсті.
Соңғы жылдардың ішінде баға сферасында ең сәтті жыл 2001 жыл болды,бұл жылы Қазақстанда инфляция денгейі 6,4%-ға дейін төмендеді. Келесі жылдары оның денгейін 3-5%-ға дейін төмендетуге сәті түседі деп ұйғарылды. Алайда 2002 жылдан бастап бағалардың өсуін бәсендету үрдісі тоқталды.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша инфляция баяулап 2009 жылы жылдық тұлғаланымда 6,2%-ды (2008 жылы – 9,5%-ды) құрады, ал орта есеппен ол жылына 7,3%-да қалыптасты. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға төмен.
Инфляция 2010 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған дәліздің (6,0-8,0%) жоғарғы планканың деңгейінде қалыптасып, 7,8%-ды құрады. Азық-түліктік тауарларға бағалар бір жылда 10,1%-ға, азық-түліктік емес тауарларға 5,5%-ға, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 6,8%-ға өсті 2009 жылмен салыстырғанда (6,2%) инфляция қарқындарының тездеуі азық-түліктік тауарлардың айтарлықтай қымбаттауына байланысты болды. Бұл ретте азық-түліктік тауарлар мен тарифтерге, халыққа көрсетілетін ақылы қызметке бағалар 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда аз қымбаттады. 2009 жылы олар тиісінше 8,8 және 8,4%-ға өскен еді.
2009 жылғы ақпан айының басында жүргізілген девальвация, күтілгендей, ішкі рыноктағы бағаның өсуіне айтарлықтай әсерін тигізген жоқ.
Инфляциялық үдерістің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынадай критерийлер бойынша ажыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет