ҚЎлпыбаев с


сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың, өнімдердің және табыстардың толық айналымы



бет201/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

18.1 сызба. Экономикалық жүйеде ресурстардың,
өнімдердің және табыстардың толық айналымы


Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.
Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік қызметінің нысаны болып табылады. Үй шаруашылығында осы отбасының мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнім өндіріледі. Рынокта сату және өткізу үшін үй шаруашылығында үздіксіз өнім өндіру дара еңбек қызметімен шұғылданатын отбасын, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тауар бағыттылығы бар жеке қосалқы шаруашылықты сипаттайды.
«Үй шаруашылығы» термині жиі экономикалық әдебиетте «отбасы» терминіне ұқсас термин ретінде пайдаланылады. Бірақ отбасынан айырмашылығы үй шаруашылықтары туған-туысқандарды ғана кіріктірмейді, бір, екі және одан көп мүшелерден де тұра алады.
Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.
Үй шаруашылықтарының қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған манызды. «Адами капитал» тұжырымдамасын өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұнғыш рет Т.Шульц ұсынды.* 16 «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігі, білімі және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі элементтеріне, Г.Беккердің*17 ұсынылымына сәйкес мыналар жатады:
білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);
өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);
денсаулық капиталы;
экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);
көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);
экономикалық қызметтің уәждемесі.
Осыдан «адами капитал жұмсалатын инвестиция», яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің таңдамалы сферасында шеберлікті арттыру, адами тұрмысының рухани және табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатын инвестициялардың жалпы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдалылықтан әлдеқайда көп болып табылатындығына. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерде ағарту және кадрлар даярлау сферасының теңдесті дамуы үшін теориялық негіздеу болды. Адами капиталдың бірнеше қағидатты маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
адами ресурстарды сақтау және дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;
адами капиталдың сапасы ұлттық білім, ғылым, мәдениет және денсаулық деңгейімен айқындалады;
адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны сияқты, тозуы мүмкін және тұрақты қолдауды талап етеді;
адами капитал құнсызданады, егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым және басқалары) әсер ететін факторлар нашарласа.
Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едәуір әлуеті жөнінде ІЖӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары және әрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6%, соның ішінде: 16,9% үй шаруашылықтарының секторы бойынша және 0,7% үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтары­ның секторы 50,7 %-ды алады.
Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың**18 пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті.
Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды: 1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі; 2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі; 3) материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды.
Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:
1) осы шаруашылық бірлігі мен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.
2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай ресурстарды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану.
Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет