ҚЎлпыбаев с



бет204/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

18.4.Халықтың тұрмыстық
деңгейін мемлекеттік реттеу


Рынок жағдайларында еңбекке ақы төлеуді реттеуде мемлекеттің рөлі шектелінген. Қазіргі уақытта еңбекке ақы төлеуге ықпал жасау заңнамалық актілер көмегімен немесе салықтық механизм арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады.
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды – халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Бұл функ­цияны әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджет шығыстары да орындайды, соның нәтижесінде табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады және әлеуметтік теңсіздік біршама азаяды. Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды (18.2 сызба). Дейгейлес білікте (осьте) отбасыларының пайызы, ал сатылас білікте табыс пайызы салынған. Сызбадағы биссектриса табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лорренцтің сызығы теңсіздікті, бірақ қисық сызық 1 – салықты төлегенге дейінгіні, қисық сызық 2 – оларды төлегеннен кейінгіні, ал қисық сызық 3 – мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемақыларды төлегеннен кейінгіні бейнелеп көрсетеді.
f нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды және мемлекеттік бюджеттен трансферттік төлемдерді төлегеннен кейінгі табыстардың теңсіздік дәрежесін бейнелеп көрсетеді
18.2 сызба. Лоренцтің қисық сызығы

Еңбекке ақы төлеудің төмен деңгейіне жол бермеу және халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жыл сайын қабылданатын республикалық бюджет туралы заңда жалақының ең төменгі мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленеді. Меншіктің барлық нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ жұмыс күшін жалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жұмыскер­лерге белгіленген ең төменгі деңгейден аз төлеуге құқығы жоқ.
Инфляцияға байланысты ең төменгі көрсеткіштердің нақтылы маңызы төмендеуде. Үкімет ең аз еңбекақыны құнсызданудан біраз қорғауға тырыса отырып, оның мөлшерлерін мезгіл-мезгіл көбейтіп отырады.
Бюджеттік мекемелер бөлінген бюджеттік қаражаттарға байланысты жұм­ыскердің біліктілігі мен орындайтын еңбек міндеттерінің күрделігіне қарай үстеме ақылар түрлерін өз бетінше анықтайды. Тұтас алғанда еңбекақы қаржы-кредит мекемелерін айтпағанның өзінде бюджет сферасында өнеркәсіптегіден
1,3 – 2,3 рет төмен.
Өңірлік органдар бюджет сферасы жұмыскерлерінің нашар қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, өз бюджетінің мөлшеріне қарай оларға қаржылық қол­дау көрсетіп отырады.
Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын «оффшорлық аймақтардың» бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі негізінде экономиканың дамуын тежейді.
Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.
Әлемдік практикада халықтың тұрмыс деңгейі индикаторларының бірі ең төменгі күнкөріс деңгейі болып табылады, ол мемлекеттің әлеуметтік саясатында кедейшілік шегін (табалдырығын) анықтау және әлеуметтік төлемақылардың ең төменгі мөлшері үшін пайдаланылады. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік стандарттар 2006 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есепке ала отырып белгіленеді, ал негізгі әлеуметтік төлемақылардың мөлшерлемелері бұл деңгейден төмен емес деңгейде белгіленеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме – тұтыну себеті кеңірек таралған. Ол азық-түлікті және азық-түліктік емес бөліктерге бөлінеді. Сонымен бірге көптеген елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік шығыстарының үлесіне 25-тен 50 %-ға дейіні тиеді.
Тұтыну себетінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара қатынасты белгілеуге байланысты болған кезде практика құрамдастырылған әдісті пайдаланудың артықшылығына сендіреді.
Қазақстанда 2005 жылға дейін өмір сүрген ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөлігі – 70-тің 30 %-ға ара қатынасы – халық шығыстарының нақты құрылымына жауап бермеді.Халықтың әр алуан топтарына арналған тағамдық негізгі азық-түліктерді тұтынудың жаңа ең төменгі нормаларын қабылдауға табанды қажеттік қалыптасты. Бұл тамақтық азық-түліктерді тұтыну экономика дамуының дағдарыстық мезгілінің өзгеше ерекшеліктеріне көп нәрседе сәйкес келген қолданыстағы ең төменгі нормаларының салауатты тамақтану туралы қазіргі түсінікке, экономика дамуының қазіргі реалдарына, демографиялық жағдаяттың белгіленген үдерістеріне және негізгі тамақтық азық-түліктермен елдің азық-түлік рыногының толықтылығы деңгейіне жауап бермейтіндігіне байланысты болып отыр. Ең төменгі күнкөрістегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөліктердің арасындағы ара қатынасы 2006 жылдан бастап 60-тың 40%-ға ара қатынасына өзгерді. Екінші өзгеріс азық-түлік себетінің құрамына қатысты болып отыр, ол толық құнды және баланстанған тамақтану жөніндегі Дүниежүзілік деңсаулықты ұйымдастыру ұйымның ұсыныстарын ескере отырып кенейтілуде. Ең алдымен азық-түліктік себеттің ассортименттік жиынтығымен, ол 20 атаудың орнына предметтердің 43 атауын кіріктіреді. Бұл тамақтанудың сөткелік тағам мөлшерін (рационды) алуан етіп түрлендіруге, айқын пайдалы қасиеттері бар жұғымды заттардың түсуін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл үшін отбасылық бюджетті айтарлықтай көбейтудің қажеті жоқ, мамандар жұғымды микроэлементтер бойынша теңгерімділікке қол жетеді деп санайды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтауға жаңа тәсілдемелерді қабылдаумен байланысты кедейшілік шегі өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Оның бірі – халықтың тұрмыс деңгейін бағалау, яғни тұрмыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор – бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер өзінің мүмкіндіктеріне қарай азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетін шекті анықтайды. 2009 жылы әлеуметтік көмекті әр түрлі нысандарда 3600 мың адам алды.
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол ең төменгі күнкөрістің 40%-ы мөлшерінде белгіленген кедейлік шегінің жан басына шаққандағы табыстан төмен отбасыларына беріледі.
Балалары бар отбасыларына Мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға сәйкес 18 жасқа дейінгі (бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақылардан басқа) балаларға жәрдемақы ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ы болатын отбасыларына беріледі.
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңына сәйкес жәрдемақы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жәрдемақы алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негіздер бойынша ғана жүргізіледі. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңінде, Заңда белгіленген мөлшерде төленеді. Жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жәрдемақы төлеу әділет органдарында тіркеуден шыққан айды қоса төленеді.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасынның заңына сәйкес балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мынадай түрдегі ақшалай төлемдерді: бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толған күнді қоса алғанда оның күтімі жөнінде тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны кіріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет