ҚЎлпыбаев с



бет283/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Бюджеттік инвестициялау
Бюджетті нақтылау – Республика­лық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мəслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік көрсеткіштерді өзгерту.
Бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік қаражаттар есебінен іске асырылатын жəне аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге жəне дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық жəне / немесе жергілікті бюджеттердің қаражаттары, соның ішінде сыртқы рыноктарда қарыз алу, концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру жəне мемлекеттің заңи тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.
Бюджеттік инвестициялық жоба­лардың мониторингі – бюджет қара­жаттарды бөлу сəтінен бастап пайдалануға беру сəтіне дейінгі жаңа объектілерді құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау барысы туралы ақпаратты жинау жəне талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттік қамтамасыз етілу – тиісті бюджеттер қаражаттары есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көр­сетілетін мемлекеттік қызметтер құны.
Бюджеттік қаражаттар – мем­ле­кеттің ақшалай жəне өзге активтері, жұм­салуы бюджетте ақшалай нысанда көрсе­тілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер.
Бюджеттік қаражаттарды алушылар – бюджеттік қаражаттарды бюджет­тік бағдарламалардың əкімшілері арқы­лы алатын жəне оларды бюджеттік бағдар­ламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке жəне заңи тұлғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет