ҚЎлпыбаев с



бет284/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджеттік қатынастар – бюджеттік үдерісте туындайтын қатынастар.
Бюджеттік операциялар – бюджетті атқару үдерісінде жүзеге асырылатын операциялар.
Бюджеттік өтінім – бюджетті əзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың қа­жеттігін негіздеу жəне оларды қаржы­лан­дыру сомаларын айқындау үшін алдағы қаржы жылына жəне үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың əкім­шілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы.
Бюджеттік үдеріс – Қазақстан Респуб­ликасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау жəне түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептемені, бюджетті есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджетті есепке алу мен бюджеттік есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау жəне нəтижелерді бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі.
В
Валюта айырбастаудың рыноктық бағамы – Қазақстан Республикасының ау­мағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп­теме саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тəртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы.
Валюта бағамы – Қаржы министрлігі ұлттық банкпен бірлесіп белгіленген тәртіппен айқындалған, бір валютаны екіншісіне айырбастау коэффициенті.
Валюталық басқыншылық – орталық (ұлттық) банктің шетел валютасын сатып алу-сату арқылы ұлттық валюта баға­мына ықпал ету мақсатымен валюта рыно­гындағы операцияларға араласуы; валю­талық саясаттың бір түрі.
Валюталық түсім-ақша – тауарлар мен қызметтер экспортынан, сондай-ақ халықаралық кредиттерден түскен шетел валютасы.
Г
Грант – донорлардың Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет