ҚЎлпыбаев с



бет279/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бағамдық айырма – басқа валюталық бағамдар бойынша бір валюта бірлігінің бірдей санын басқа валютаға қайта есептеу кезінде туындайтын айырма.
Баланстық құн – ол бойынша актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста танылатын сома.
Болашақ кезеңдердің кірістеріболашақ кезеңдерге жатқызылған, бірақ іс жүзінде есепті кезеңде алынған кірістер.
Болашақ кезеңдердің шығыстары – осы кезеңде жүргізілген, бірақ болашақ кезеңдерге жатқызылған шығыстар.
Бағамдық айырма (оң, теріс) – шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлік есепте ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нəтижесінде операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.
Бағдарламалық қарыздар – халық­аралық қаржы ұйымдарының Қазақ­стан Республикасының экономикасын дамыту жəне реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкі­метіне немесе Қазақстан Республика сының Ұлттық банкіне беретін қарыздары.
Байланыстырылған гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан əрі қарыз алуын немесе байланыстырылған грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағ­дарламаның шеңберінде республикалық жəне жергілікті бюджеттерден қоса қаржы­ландыруды көздейтін гранттар.
Байланыстырылған грант туралы келісім – Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган жəне донор арасындағы келісімшарт.
Байланыстырылмаған гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан ары қарыз алуын немесе республикалық жəне жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар.
Банк кепілдігі – қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде қарыз келісімшарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдендірген қарыз бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет