ҚЎлпыбаев с



бет55/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қаржылық жоспарлаудың қажеттігі мен арналымы неде?
2. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары қандай?
3. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық болжаудан қандай айырмашылығы бар?
4. Индикативтік жоспарлау дегеніміз не?
5. Қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын сипаттаңдар.
6. Қазіргі кезде қаржылық жоспарлауда қандай әдістер қолданылады?
7. Қаржылық жоспарлауды жасау қандай кезеңдерден тұрады?
8. Қаржы жоспарларының негізгі түрлерін атап шығыңдар және олардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.
9. Бизнес-жоспар дегеніміз не және ол қандай негізгі кестелер мен баланстарды қамтиды?
10. Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейіндегі негізгі қаржылық көрсеткіштерді атап шығындар.
11. Қаржылық жоспарлау мен болжауды қандай бағыттарда жетілдіру керек?


5-тарау. Қаржылық қатынастарды
құқықтық қамтамасыз ету



5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар
және қаржылық-құқықтық нормалар

Қоғамда пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл ретте қаржылық құқықтың әр түрлі нормалары қолданылады.


Қаржылық құқық – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа, салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрғысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты қаржылық құқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер де кіріктіріледі.
Қаржылық құқықта қаржылық-құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни құқық белгілеу органы қабылдаған және қаржылық қатынастардағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржылық-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржылық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржылық қатынастар қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржылық қатынастар қаржылық-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады (5.1 сызбаны қараңыз). Қаржының қосалқы категорияларының сыныптамасына сәйкес қаржылық құқықтық қатынастар бюджеттік, салықтық, мемлекеттік кредиттік, қаржылық шаруашылықтық, сақтық, валюталық қаржылық, есеп-қисаптық, бақылау және т.б.болып бөлінеді. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады.
Нормативтік құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттер кезінде болжанған кірістерді алуды, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу мен пайдалануды мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл ретте бір органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржылық құқықтық қатынастардың басқа қатысушыларының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар. Нұсқамалардың мұндай түрі алғашқылардың бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржылық құқықтық қатынастарға ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сонымен бірге олардың қаржылық қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттері де болады. Қаржылық құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет