У Уəкілетті аудиторлық ұйым (уəкілетті аудитор) – уəкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор).
Уəкілетті мемлекеттік органдар –
салық органдарын жəне жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеуді жəне (немесе) жинауды жүзеге асыруға уəкілеттік берген, Қазақстан Республикасы заңдарында, Президент пен Үкіметтің актілерінде белгіленген өздерінің құзыры шегінде Салықтық кодекске сəйкес салық службасы органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.
Ұ Ұлттық қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емесактивтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі активтері.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы –эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржылық құралдардың айналыс саласы, олармен жасалатын мəмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сəйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы –бағалы қағаздардың айналыс саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мəмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады.
Ұлттық сəйкестендіру нөмірі –эмиссиялық бағалы қағаздарды сəйкестен діру жəне есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уəкілетті орган беретін əріптік-цифрлық код.
Ұтыстар – салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын натуралдық жəне ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында жəне (немесе) бəс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар.