ҚЎлпыбаев с


сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы



бет56/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   314
5.1 сызба, Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті.
Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы


Өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-қимыл­дарының нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржылық-құқықтық қатынастарды шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржылық-құқықтық нормалар мен актілер оның тұтқалары ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқық нысандары мен әдістерінің экономикалық үдерістерге қаржылық құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады.


Қаржылық қатынастардың бір қатысушыларына тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының өктемдік нұсқамалары қаржылық құқықтық реттеудің әдістері болып табылады (императивтік әдіс).
Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Диспозитивтік әдіс тараптар мүдделерінің келісу келісімшарттық нысанын ұйғарады, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттемелерінің пайда болуына себепкер болады. Бұл әдіс көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің – бизнес бойынша әріптестердің қарым-қатынастарында: фирмалар, компаниялар, әр түрлі басқа кәсіпкершілік құрылымдар арасында қолданылады.
Қаржылық міндеттемелердің орындалуы ең алдымен заңды сөзсіз орындаушыларға негізделген сенім әдісімен және азаматтар мен лауазымды адамдардың саналылығымен қамтамасыз етіледі.
Санкциялар қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларын білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақшалай қорлар мен қаражаттар арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқта­ты­луы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.б. жатады.
Басқа жағынан қаржылық қатынастардың субъектілеріне олардың құқық­тарын әкімшілік, сот тәртібімен немесе мемлекеттің билік жүргізуші орган­дарының – өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі үдері­сінде қорғау мүмкіндігі кепілдендіріледі; олар өздерінің бақылауындағы құрылымдардың актілерін заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет